Американың Вирджиния штатында deepfake-порноға тыйым салынды

АҚШ-тың Вирджиния штатының жалған порноға, оның ішінде deepfake технологиясын қолдануға тыйым салды. Бұл жайлы The Verde басылымы хабарлады.

Мемлекеттік заңға түзетулер ағымдағы жылдың басында қабылданды және 1 шілдеден бастап күшіне енді. Вирджиния дипфейк үшін заңды түрде жаза қарастыратын алғашқы штаттың бірі.

Вирджиния штатында 5 жылдан бері адамның жалаңаш суретін немесе видеосын «күш көрсету және қорқыту» мақсатында таратуға тыйым салынды. Заңдағы жаңа түзетулер дипфейк деп саналатын және арнайы бағдарламада өңделген “жалған видео немесе сурет” тарату қылмыс екенін ескертеді.

Дипфейк сурет немесе видео таратқан жағдайда заңбұзушы 12 айға дейін бас бостандығынан айрылады және 2500 АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүр. 

Дипфейк деп  жасанды интеллектің көмегімен өңделген кез-келген видео немесе фотоны айтамыз. Жүйе шын адамның суретін пайдалана отырып, оның негізінде жалған видео жасап шығарады.

Екі апта бұрын Facebook дипфейк технологиясының көмегімен жасалып, инстаграмда жарияланған Марк Цукербергтің видеосын өшірмейтінін хабарлады.Цукербергтың дипфейк видеосы арт-жобалар аясында жасалып, британдық Шеффилд қаласында көрсетілді. Жобаның мақсаты әлеуметтік желі арқылы адамдардың санасымен оңай манипуляция жасауға болатынын көрсету.

Инстаграмда тараған видеода Цукербергтың суретін оның 2017 жылы Калифорниядағы Facebook кеңсесінде сөз сөйлеген видеосына қосып, өңдеген. Жалған Цукербергтың орнына жалданған актердың даусы жазылған.

 

Factcheck.kz