Америкалық ұшқыштар “химтрейлге” қарсы ереуілге шықты ма?

Әлеуметтік желіде Нью-Йорк көшесіндегі бір топ ұшқыштың фотосы тарады. Фотосуреттегі ұшқыштардың қолында көк фон үстіне ақ жолақ салынған сурет бар. Көбі олардың «химтрейлге» (ұшақтардан кейін аспанда қалатын улы іздер туралы қастандық теориясы) наразылық білдіріп жатқанын айтады. Agence France-Presse (AFP) ақпаратты тексеріп көрді.

Химтрейлді “қастандық теориясы” дейсіңдер ме? Бірақ Нью-Йоркте ұшқыштардың өзі қарсы акцияға шығып жатыр.

Facebook-тегі корей тіліндегі хабарлама

Фотосурет дәл осындай сипаттағы жазбамен Facebook желісінде бірнеше рет жарияланды (мұнда және мұнда).

Фактчекерлер Google-дағы суретті кері іздеу жүйесі арқылы Getty Images архивіндегі түпнұсқа фотоны тапты. Суретте ұшқыштар түрлі ұран жазылған тақтайшаларды ұстап тұр, бірақ оның химтрейлге ешқандай да қатысы жоқ.

 

Америкалық ұшқыштар "химтрейлге" қарсы ереуілге шықты ма?

Сурет 2011 жылғы 27 қыркүйекте Air Lines Pilot Association қауымдастығына (ALPA) мүше формадағы жүздеген ұшқыш Уолл-стрит алдына шеруге шыққан кезде түсірілген. Бұл кезде олар United және Continental Airlines авиакомпанияларының бірігуіне қарсылық танытқан.

Сурет сипаттамасында: “НЬЮ-ЙОРК, 27 ҚЫРКҮЙЕК: “700-ден астам Continental және United ұшқыштары басқа Air Lines Pilot Association (ALPA) әуе компанияларының ұшқыштарымен бірге 2011 жылғы 27 қыркүйекте Нью-Йорктегі Уолл-стрит алдына наразылыққа шықты. Ұшқыштар United және Continental Airlines корпоративтік бірігуінің жабылу мерейтойы қарсаңында бірлескен ұжымдық пилоттық келісімде прогресс жоқ екеніне назар аудартуды мақсат еткен” делінген.

Ал төменде әлеуметтік желідегі жалған хабарламаларда жарияланған суреттің скриншоты (сол жақта) және Getty Images-тен алынған түпнұсқа фотосурет (оң жақта):

Америкалық ұшқыштар "химтрейлге" қарсы ереуілге шықты ма?
Фото: Agence France-Presse

Түпнұсқа фотодағы жазуда : «Ұшқыш қанша тұрады? Бұл сіздің көзқарасыңызға байланысты» және әуе компанияларының бірігуіне қарсы әртүрлі ұран жазылған.

Суреттің авторы – Спенсер Платт. Бұған қоса ол марш кезінде түрлі белгі ұстаған ұшқыштарды бірнеше рет суретке түсірген (мұнда, мұнда және мұнда).

Айта кетейік, United және Continental Airlines 2010 жылы бірігуі туралы жариялап, әлемдегі ең ірі әуе компаниясы атанды.

Фейк-суретті кім жасағаны белгісіз болса да, фото бірнеше жылдан бері интернеттегі сатиралық мақалаларда қолданылып жүр. Мысалы, 2019 жылы Aviation Daily сатиралық веб-сайты «әуе компанияның ұшқыштары жасырын түрде зиян химия заттарын шашты» деген ойдан шығарылған ереуілге қатысты мақалада да осы суретті пайдаланылған.

Factcheck.kz