Алматыда журналисті әкімдіктен күштеп шығарды

Алматыда Алатау ауданы әкімдігінің күзетшісі Хабар 24 телеарнасының журналисі Ақбөпе Тәңірбергенді күштеп ғимараттан шығарды. Журналист әкімнен белгіленген уақытта сұхбат алуға келген. Бұл туралы Informburo.kz сайты хабарлады.

Журналист 24 тамызда сағат 17.30 -да Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбековтан сұхбат алуды жоспарлаған. Журналист әкімдікке белгіленген уақытта келгенін айтты. Бірақ әкім ол жерде болмаған.

Біздің директор Алена Горбачеваға ашық қосымшасындағы статусымды көрсетпей және маскасыз кіргенім жайлы айтып, WhatsApp арқылы видео жіберіп жатыр. Бірақ олар меннен оны сұрамады және QR-код бар екенін байқамадым. Ашық қосымшасында статусым жасыл түспен белгіленген. Олар пандемия кезінде қауіп төндіргенім жайлы айтты.

Ақбөпе Тәңірберген

Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, Ақбөпе Тәңірберген үйіне жеткен соң денесінің көгергенін байқаған. Бұдан бөлек “жиһаз” секілді лақтырғанын айтты.

Иә, мен турникеттен өттім. Бұл менің жалғыз қателігім. Бірақ бұл жағдай мені көтеруге болады дегенді білдірмейді.

Ақбөпе Тәңірберген

Алатау ауданы әкімі Азамат Қалдыбековтің сөзінше, журналист әкімдікке кірген кезде қосымша арқылы тексерістен өтпеген. Сонымен қатар, әкім сұхбат беру туралы алдын ала қоңырау түспегенін айтты. Ал оқиға болған кезде шағын аудандардың біріне жұмыс барысымен кеткен.

“Хабар 24” телеарнасының директоры Алена Горбачева журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі келтіру фактісі бойынша полицияға арыз дайындап жатқанын хабарлады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz