Алматыда әйелдерді саясатқа араластыруды талап еткен митиң өтті

8 наурызда Алматы әкімдігінің рұқсатымен әйелдердің саясатқа қатысуына арналған митиң өтті. Наразылық акциясына кемінде 500 адам жиналды. Бұл туралы Vlast.kz сайты хабарлады.

Митиң қаңтар трагедиясының құрбандарын еске алу үшін бір минут үнсіздікпен басталды. Кейін акция барысында зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдерді еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды.

Митиңге қатысушылар Қазақстанда әйелдерге саясаттың қолжетімсіз екенін айтты.

Құқық қорғаушы Татьяна Чернобыльдің сөзінше, мемлекеттік басқару жүйесінде әйелдердің саны жартысынан кем болмауы керек. “Саясатта әйелдер аз, өйткені жол жабық”, – деді ол.

Алматыда мұндай жиын былтыр 8 наурызда болған. Халықаралық әйелдер күні “Феминита”, “КазФем”, “SVET”, “ФемАгора”, “ФемСреда” қоғамдық ұйымдары белсенділері гендерлік теңдікке үндейтін шеруге шыққан. Ол – феминист белсенділердің биліктің келісімін алып өткізген алғашқы акциясы болатын.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz