Алматыда адамдарды тұтқындау кезінде журналист зардап шекті

Төле би көшесіндегі жаппай ереуілде қазақстандық журналист зардап шекті. Tengrinews.kz журналисі Шоқан Алхабаевтың айтуынша 11 маусымда түнде Сайран маңында митингке шыққандарды ұстап жатқан сәтті видеоға түсірген кезде полициялар тілшіге шабуылдаған.

Кейбір деректер бойынша полиция наразыларда суық қару бар деген хабарламағана байланысты өтіп бара жатқан адамдарды тінтіген. Алхабаевтың айтуын бойынша полиция видео түсіруге кедергі жасады, артынша телефонын тартып алуғы тырысты және бірнеше рет ұрды.

Алматыда адамдарды тұтқындау кезінде журналист зардап шекті
©Шоқан Алхабаев, Tengrinews.kz

“Полицейлер көшедегілерді ұстап жатқанын түсіріп алу үшін жақындағанмын. Олардың бірі “Неге түсіріп тұрсың?” деді. Мен журналист екенімді айттым. Ол түсірмеуімді сұрады. Сосын басқа полицей келіп, мені ұстауға бұйрық берді. Телефонымды алып қойды. Қайтаруын сұрадым. Кейін тағы бірнеше полицей келді. Қолымды бұрап, жерге құлатты. Тебе бастады. Бетімнен, ішімнен тепті”, – деді ол.

Төле би көшесінің бойында, Сайран су қоймасының маңында адамдарды ұстау бүгін түнгі бір шамасында орын алды.

Factcheck.kz