Алматы тұрғынының есепшотынан 5 мың доллар ұрланды

Алаяқтар Алматы тұрғынының есепшотынан 5 мың доллар шешіп алған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Екі адам алаяқтық жасап, камераның объективіне түсіп қалды. Олар Алматы тұрғынын алдап, ақшасын иемденіп алған. Әйелдің ұялы телефонына қоңырау шалған ер адам өзін банк қызметкері ретінде таныстырған.

Әйелден депозиттік шотынан жеке шотына ақша аударуға өтініш білдірдіңіз бе деп сұрай бастады. Сонымен қатар, қаскөй әйел адамды егер кодты айтатын болса, кибершабуылдардан қорғайтын арнайы қорғанысты қоятынына сендірді. Өзін алдап тұрғанынан күдіктенбеген әйел күдіктілердің талаптарын орындаған, ал, бірнеше күннен кейін алаяқтардың құрбаны болғанын түсінді. Ал банкте 5 мың доллардан астам қаражаттың шоттан шешілгенін айтты.

Олжас Шәріпов, Алматы қалалық ПД анықтау басқармасының басшысы

Полиция қызметкерлері суреттегі адамдарды таныған жағдайда мына телефондарға хабарласуыңызды сұрайды: 272-32-76; 254-48-02; 254-48-76; 8-702-976-7099.

Factcheck.kz