Әлемде | “Трамп ісі” және жергілікті басылымдар үшін CMS фактчекинг

Біз пост-шындық әлемінде болып жатқан оқиғаларға шолуымызды әрі қарай жалғастырамыз. Бүгінгі мақала Трамп және ресейдің арнайы қызметтеріне, сонымен қатар Google мен WordPress-тің фактчекинг жаңалықтарына арналмақ.

Трамп ісі аяқталды. Арнайы кеңесші Роберт Мюллер АҚШ-тағы сайлау кезінде Дональд Трамппен ресейдің арнайы қызметінің арасындағы байланысты тергеген болатын. Тергеудің қорытындысы – “Трамп пен ресейдің арнайы қызметтерінің арасында ешқандай байланыс жоқ”.  Бұл жайлы MediaMedia  телеграмм каналы хабарлады.

Каналдың редакторы Трамп пен Ресейдің арнайы қызметінің арасында байланыстың болмауы, Трамп командасындағы ешбір адам Ресейдің арнайы қызметімен байланыспағанын ғана білдіреді дейді.

«Бұл Ресейдің арнайы қызметі АҚШ – та өткізілген сайлауға әсер етпегенін білдіре ме? Жоқ, олай емес. Бұл Трамптың ұлы Wikileaks-тің көмегімен Клинтонның поштасын ашпады дегенді білдіре ме? Жоқ. Бұл сайлауда Трамп өз әдісін қолданғанын, ал қалғандары басқа әдісті қолданғанды ғана дәлелдейді” дейді канал редакторы Сергей Якупов»

Мюллер баяндамасының қысқаша нұсқасы Washington Post-та(.pdf) жарияланды. Баяндамада:«АҚШ-тағы сайлау алды науқанына Ресейдің қатысына байланысты екі түрлі жағдай анықталды» делінген.  Демек, сайлауға Ресейдің араласқаны рас. Баяндаманың .pdf нұсқасымен таныса аласыз.

Mullerpdf_compressed

Google News Initiative және фактчекер үшін CMS

Сонымен қатар Google жергілікті басылымдар үшін  жаңа CMS құралын ұсынды. WordPress-пен бірлесіп жасалынған Newspack CMS-ті бір айдың көлемінде жұрт назарына ұсынылмақ. Бұл жүйе фактчекинг құралдарын негізге ала отырып жұмыс істейді. Біздің редакция бұл құралды сынап көруге өтініш білдірді.  

Одан бөлек, 2018  жылы жалған ақпаратпен күресу әдісі ретінде іске қосылған Google News Initiative бағдарламасының аясында жаңа екі құралдың таныстырылымы өтті. API-і бар бұл құралдарға бірнеше қызмет түрлерін қосуға болады.

Бірінші құрал тексерістен өткен материалдарды белгілеуге арналған. Өзіңізге қажет деректерді белгілеп, ClaimReview стандарттарына сәйкес бұл құралды қазір де пайдалана аласыз.  Екінші құрал тексерістен өткен материалдарды іздеуге көмектеседі. Әлбетте бұл құралдар тек  ағылшын тілінде қолжетімді. Дегенмен, болашақта басқа тілдерге де назар аударып, журналистиканың игілігіне арналған технологияларды дамытады деп үміттенеміз.

Журналист, редактор. Филолог-славист. Соавтор и составитель ряда работ по журналистике и языку вражды. Работал журналистом и редактором в различных научно-популярных, развлекательных и общественно-политических изданиях Казахстана. Главный редактор проекта «Фактчек в Казахстане» с 2017 по 2022 год. Медиатренер, создатель образовательного проекта Factcheck.Academy

Factcheck.kz