Александр VS Аружан: Қазақстан тарихында нәрестелер есімі қалай өзгерді?

Жоқ, біз адам есімдері арқылы бал ашпаймыз, алайда нұр-нейминг жағдайы сияқты сіздерге статистикалық талдаулардың қаншалықты қызық екенін көрсеткіміз келеді. Елімізде жаңа туған нәрестелердің есімдеріне байланысты статистика бір қарағанда жай дерек болып көрінуі мүмкін, алайда ол іс жүзінде тарихи және мәдени құбылыстардың біздің қоғамға қалай әсер ететінін бағалауға мүмкіндік береді. Кейде тіпті күтпеген байланыстарды байқауға болады. Мысалы адам есімдері арқылы қазақстандықтар белгілі бір уақыт аралығында (төменде нақты көрсетеміз) не көріп, не тыңдағанын болжауға болады.

Атыңыз кім?

Еліміздегі түрлі оқиғаларға байланысты адам есімдерінің қалай өзгеріп, қайсысы танымал болғанын анықтап көрейік. Ол үшін ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің соңғы 30 жылдағы деректеріне талдау жасай отырып, сәйкес уақыттағы өзгерістерге тоқталайық.

1988 жылдан 2018 жылға дейінгі аралықты қарайтын болсақ, Қазақстандағы ер балалардың есімі Александрдан Әлиханға қарай өзгерген, ал Айзере біртіндеп Әйгерімді басып озған.

Ер есімі – Нұрсұлтан!

1991 жыл Қазақстанның тәуелсіздігімен және билікке Нұрсұлтан Назарбаевтың келуімен ерекшеленді. Бұл тарихи оқиғалар Нұрсұлтан есімді ұлдардың санына әсер еткені анық. Ал уақыт өте келе, есімдерге «Нұр» қосымшасы жалғана бастағанын байқауға болады, бұл тренд әлі күнге дейін жалғасып келеді.

Бір қызығы, елімізде 1991 жылға дейін славян есімдері басым еді, тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ есімдері мен кірме есімдер танымал бола бастады. Олардың арасында түркі аттары көп болды, мысалы әйелдер арасында – Айдана, Диана және Аружан, ал ерлер арасында – Азамат, Абай және Руслан.

Қасиетті айда туғандар

Сондай-ақ, тәуелсіздік алғаннан кейін ата-аналар өздерінің балаларына мұсылман есімдерін бере бастады. Мысалы, 1993 жылдан бастап 2018 жылға дейін Рамазан есімі (қасиетті айда туған ұлдар) кең тарады. 10 жағдайдың 8-нде баланың атын қоюда Рамазан айының рөлі басым болған. Ал басқа айларда «Рамазан» есімі танымал 20 есімнің қатарына да кірмейді.

Классиктер мен қазіргі заман өкілдері

Қазақтың ағартушысы және ойшылы Абай Құнанбайұлының есімі де назардан тыс қалмаған. 1995 жылы оның 150 жылдық мерейтойы өткен еді. Дәл осы жылы Абай есімі кең таралды. Бір қызығы: ата-аналар тек тарихи аттарды ғана емес, заманауи есімдерді де ұмытқан қоюда. Мысалы, 2018 жылы Медина есімді қыздардың бір буыны дүниеге келді, бұл жыл – Jah Khalib атты әншінің «Медина» әнінің тамылдылығымен тарихта қалған.

Әрине, Медина арабтың есімі және ол тек поп-мәденитке ғана байланысты емес. Қазақстанда араб тілінен кірген ныспының көп болуы жүзжылдыққа созылған процесстің нәтижесі. Осы арқылы еліміздегі мәдениет пен саясаттағы тарихи өзгерістерді байқауға болады.

Экспо жолы

Соңғы жылдары елімізде болған маңызды оқиғалар да назардан тыс қалған жоқ. Мысалы, 2017 жылы “ЭКСПО-2017” халықаралық көрмесін өткізу барысында жаңа туған нәрестеге Байдібэкспо есімі берілді. Азия ойындары кезінде қыздарды Азиада деп те атаған, ал «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде «Нұрлыжол» есімді ұлдар дүниеге келген.

Адам есімдеріне саясат пен мәдениет саласының оқиғалары әсер ететіні анық. Мысалы Нұрсұлтан есімі Нұрсұлтан Назарбаевтың билікке келген жылдармен тікелей байланысты. «Нұр» қосымшасына орай пайда болған трендтің нәтижесінде елімізде Нұрәлі, Нұрсұлтан және Нұрислам есімдері кең тарай бастады. Кейбіреулер, тіпті, өз балаларына Саммит, Бәйтерек, Теңге және Нұротан деп ат қойған. Қорытындылай келе болашақ ата-аналарға ескере кететін бір жайт: елде түрлі оқиғалар болуы мүмкін, алайда жаңа туған нәресте, кем дегенде паспорт алғанға дейін, сіз қойған есіммен өмір сүруі қажет екенін ұмытпаған жөн.

Датасет АҚШ Мемлекеттік департаментінің және Меридиан халықаралық орталығының қолдауымен ОААУ жазғы институтының аясында дайындалды.
Датасеттің авторлары: Мяхрибан Сейтлиева, Зульфия Райысова, Мадина Булатова, Мавзун Табарова.

Дата-журналист, медиа-тренер. Изучаю журналистику и государственную политику. Целью в профессиональной деятельности является развитие казахстанского общества посредством борьбы против распространения ложной информации в период инфодемии и не только.

Factcheck.kz