Алаяқтар БАӘ-де дипфейк дауыс арқылы 35 млн доллар ұрлады

БАӘ-де қылмыскерлер жасанды интеллект технологиясын қолданып, фейк дауыс арқылы банктен 35 миллион доллар тонады. Бұл туралы SecurityLab сайты хабарлады.

Дипфейк дауысты қолданып, алаяқтар банк қызметкерін алдаған. Кейін өздеріне ақша аудартқан. SecurityLab сайтының жазуынша, банк қызметкері заңды бизнес-транзакция аясында қаражат аударғанына сенімді болған.

Сот құжаттарына сай, бұл жағдай 2020 жылы қаңтарда тіркелген. Алаяқтар телефон арқылы танымал компаниядан қоңырау шалғанын білдіріп, 35 млн долларлық келісім-шарт туралы айтқан. Кейін банк қызметкері жаңа шотқа ақша аудара бастаған.

Жалпы алғанда, алаяқтардың схемасына 17 адам қатысқан. Олар ұрланған ақшаны әлемнің көптеген банкіне аударған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz