Алаяқ Instagram басшысы «өлгенін» хабарлап, аккаунтын бұғаттаған

Белгісіз біреу Syenrai лақап атымен Instagram басшысы Адам Моссеридің аккаунтын уақытша бұғаттаған. Ол Instagram желісінің қолдау қызметін Моссери «қайтыс болды» деп сендірген. Бұл туралы SecurityLab cайты хабарлады.

Моссеридің аккаунты қайтыс болған адамның Instagram парақшасына естелік статус беру функциясының көмегімен бұғатталған. Бұл функция бойынша, адам қайтыс болған жағдайда оның туыстары желінің қолдау қызметіне хабарласа алады. Кейін ешкім аккаунтқа кіре алмау үшін немесе жүктеп салынған контентті өзгерте алмайтындай парақша бұғатталады.

Алаяқ инстаграм басшысы өлгенін дәлелдеу үшін жалған онлайн-некрологты көрсеткен.

Instagram биыл қыркүйекте Моссеридің аккаунты шынымен уақытша бұғатталғанын растады. Алайда компания бұл мәселені тез арада шешкен.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz