АҚШ Жоғарғы соты әлеуметтік желіні қолдады

АҚШ Жоғарғы соты Техас штатындағы әлеуметтік желіге қатысты заңды конституцияға қайшы деп таныды. Техастағы заңға сай, әлеуметтік желі қолданушыларды көзқарасына байланысты бұғаттауға немесе шектеу құқығынан айырылған еді. Бұл туралы “Голос Америки” сайты хабарлады.

IT-компанияларды біріктіретін “NetChoice” және “Computer & Communications Industry Association” ұйымы Техастағы заңды “әлеуметтік желідегі сөз бостандығына, соның ішінде тәуелсіз редакциялық саясат жүргізу құқығын бұзатынын” мәлімдеген.

Сонымен қатар, екі ұйым заң қабылданса, әлеуметтік желілер нацистік көзқарастардың таралуы немесе терроризмді мадақтау ортасына айналатынын хабарлаған.

“Голос Америки” хабарлауынша, америкалық консерваторлар ұзақ уақыт бойы әлеуметтік желідегі “цензура” олардың көзқарасын ашық білдіруге кедергі келтіргенін айтқан. Олар Twitter желісінде экс-президент Дональд Трамптың парақшасы бұғатталуын мысал ретінде келтірген. Оның аккаунты былтыр 6 қаңтарда Капитолияға жасалған шабуылдан кейін бұғатталған.

Контекст

  • Нәтижесінде әлеуметтік желіге қатысты Техас заңы 2021 жылдың қыркүйегінде жергілікті республикашылдардың қолдауымен қабылданған.
  • Заң әлеуметтік желіге қолданушыларды шектеуге мүмкіндік бермеді. Бұған қоса, Жоғарғы сот конституцияға қайшы деп таныған заң Техас бас прокурорына желі компанияларына қарсы сотқа шағымдану құқығын берген.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz