АҚШ-та секс-терапевт педофилдер жағына шыққаны рас па?

Тамыз айында медиа мен әлеуметтік желілерде америкалық психолог және сексолог Миранда Гэлбреттің «педофилдерді “педофил” деп атамауды талап етті, өйткені бұл олардың көңіліне тиеді» деген хабар тарады (мысалдар мұнда және мұнда). Гэлбреттің видеосынан тараған үзінді терапевт педофиляны қорғап жатыр және «педофилияны қылмыс қатарынан алып тастауды қалайды» деген айыптаулар тудырды.

Миранда Гэлбреттің видеосы. БАҚ бастапқы он минуттық видеоны 2:17 минутқа дейін қысқартқан

Жаңалық америкалық консерватив медиада жарияланды, кейін сол жерден орыс тіліндегі ақпарат кеңістігіне тараған.

Factcheck.kz редакциясы жаңалықтарда жарияланған роликті және оның толық нұсқасын (архивте бар) көріп, мәселенің мәнісін түсінуге тырысты.

Үкім: Манипуляция

  1. Гэлбрет «педофил» терминін қолданбауды «талап» етпеді, өзі түзеу мекемелерімен тікелей жұмыс істейтін маман ретінде бұл сөзді қолданудан неліктен аулақ болатынын түсіндірді.
  2. Психолог педофилияны қорғамайды және бейкриминализация қажет деп айтпаған.
  3. Гэлбрет педофилиялық ауруға шалдыққан адамдарды стигмалау олардың психотерапияға жүгінуіне кедергі болатынын, ал психотерапия олардың қылмыс жасауының алдын алуға көмектесетінін түсіндіреді.

Осылайша, Гэлбреттің айтып отырғаны және медиада педофилия қалыпты деп көрсетілетін нәрсе кәмелетке толмағандарға қатысты сексуал зорлық-зомбылықты барынша азайтуға бағытталған.

Толығырақ

Желіде тараған үзіндіде Гэлбрет неліктен «педофилдердің» орнына «кәмелетке толмағандарға қызығатын адамдар» терминін қолданатынын түсіндіреді:

«Педофил» сөзі диагностикалық терминнен адамдардың жанын ауыртатын немесе жала жабу үшін оларға үкім шығаратын, мінейтін, ренжітетін қорлайтын сөзге айналды. Мен адамға бағытталған тілді қолданғанда кез келген белгі адамның бір бөлігін ғана көрсететінін, бірақ оның жеке басын толық анықтамайтын айтқым келеді.

Психолог кәмелетке толмағандарға қызығатын адамдар өзінің жыныстық бейімділігіне әсер ете алмайтынын түсіндіреді.

Педофилияға қатысты стигма ізгі және балаларды қорғауға деген ниеттен туындауы мүмкін болса да, сексологтар мен криминалистер стигма балаларға қарсы сексуал қылмыс жасау қаупін арттырады деп санайды. Өйткені қоғамдағы дұшпандық көңіл-күй педофилиялық ауруы бар адамдардың психикалық жағдайын нашарлатады және әуестігін жеңіп, фантазиясы қылмыстық іске өтуінің алдын алу үшін маманнан көмек сұрауына мүмкіндік бермейді. Тағы бір айтып өтейік: бейстигмалау педофилиялық ауытқуды норма деп мойындауды, ал балаларға зорлық-зомбылық жасауды моральдық-этикалық тұрғыдан дұрыс не негізді дегенді білдірмейді. Оның мақсаты — қоғамға бұл психикалық жағдай өмір бойына емес екенін, оны емдеуге болатынын (әртүрлі дәрежедегі тиімділікпен) көрсету және педофилиялық ауытқудан зардап шегетін адамдарды қоғамдық қауіпсіздік үшін де қажет терапияға ынталандыру керек екенін жеткізу.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы педофилиялық ауытқуды қозудың тұрақты, мақсатты және қарқынды үлгісі ретінде қарастырады. Бұл жыныстық жетілген жасқа дейінгі балаларға қатысты ойлар, қиялдар, қалаулар арқылы көрінеді. Адам осы ойларға, қиялдарға не қалауға сай әрекет етсе немесе осы ойлар оны қинаса, ауытқу диагнозы қойылады. Қоғамдық көзқараста «педофил» термині «зорлықшы» дегенді меңзеуі мүмкін. Дегенмен статистикалық түрде зорлық-зомбылық жасаушылардың 40-60%-інде педофилиялық ауытқу жоқ және қылмыс контексінен тыс ересектермен де қарым-қатынасты қалайды. Мұндай қылмыскерлер балаларды ең оңай құрбан болғаны үшін таңдайды.

Кейде педофилиялық ауытқуы бар адамдар міндетті түрде зорлаушы болмауы мүмкін. Олар өмір бойы қалауын бақылауда ұстап, импульсқа берілмеуі және қылмыс жасамауы да ықтимал. ҚР Қылмыстық кодексі бабында кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық жасағаны үшін жазаны қарастыратын бабында «педофил» термині бірде-бір рет айтылмайды. Демек қылмыстық құқық бұзушылық тұрғысынан заңның, тәртіпсіздіктің өзі емес, әрекеті қылмыс болып саналады.

Осылайша, Миранда Гэлбрет сөзінің мақсаты — аяушылықты жәбірленушілерден қылмыскерлерге бұру емес, қылмыстың алдын алу және өз проблемасының шешімін саналы түрде іздейтін педофилиялық ауытқуы бар адамдар қол жеткізе алатын көмек беру мәселелеріне назар аудару. Видео соңында психолог мұндай адамдар психологиялық кеңес алуға болатын ұйымдарды атайды.

Контекст

Желіде Батыста педофилияны қалыпты санау туралы ақпарат жиі жарияланып тұрады. Мысалы, Миранда Гэлбрет туралы хабармен қоса Ұлыбританияда балаларды педофилдерден қорықпауға үйрететіні туралы жалған жаңалық та тарады. Біз мына жерде оның анық-қанығына көз жеткіздік. Тағы бір танымал фейк — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы педофилияны Халықаралық аурулар классификациясының 11-қарауында алып тастады дегенге саяды. Бұл туралы толығырақ мына жерде жаздық.

лингвистка, фактчекерка

Factcheck.kz