АҚШ шетелдік хакерлер туралы ақпарат үшін 10 миллион долларға дейін сыйақы береді

АҚШ Мемлекеттік департаменті елдің маңызды инфрақұрылымына кибершабуыл жасаған немесе шабуыл жасауды жоспарлап отырған хакерлер туралы ақпарат үшін 10 миллион долларға дейін сыйақы беретінін хабарлады. Бұл туралы Мемлекеттік департаменттің сайтында жарияланды.

Хабарламада тек АҚШ үкіметі мен қаржы институтының компьютер жүйесі жайлы емес, сонымен қатар, халықаралық саудада қолданылатын жүйе туралы айтылады.

Ақпарат алу үшін “Әділдік үшін сыйақы” деп аталатын мемлекеттік бағдарламасы аясында Dark Web арнасы құрылған. Сыйақы криптовалюта арқылы төленуі мүмкін.

Былтыр АҚШ Федералды тергеу бюросы Facebook пен Instagram желісінде орыс тілінде америкалық барлау органдарына көмектесу үшін жарнама қызметін іске қосқан.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz