АҚШ Ресейден Украинадағы “фильтрацияны” тоқтатуды талап етті

АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Украинадағы “фильтрация” тәжірибесін Ресей президентінің әкімшілігі басқаратыны туралы білетінін мәлімдеді. Бұл туралы Reuters-ке сілтеп, Voice of America хабарлады.

Сәрсенбіде АҚШ Кремльді Украинадағы «фильтрация» деп аталатын операцияларды және Ресей бақылауындағы аймақтарға көшуге тиіс украиналықтардың тізімін жасауды тоқтатуға шақырды.

АҚШ “фильтрация” операцияларын Ресей президентінің әкімшілігі басқаратыны және үйлестіретіні туралы мәліметтерге ие. Сондай-ақ біз Ресей президенті әкімшілігі шенеуніктерінің “фильтрациядан” өтуге жіберілетін украиналықтардың тізімін беріп жатқанын да білеміз. Сол себепті біз Ресейден “фильтрация” жұмысын дереу тоқтатуын талап етеміз.

Ведант Пател, мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы
Factcheck.kz