АҚШ Пекинде өтетін Олимпиадаға бойкот жариялау мәселесін талқылайды


АҚШ одақтастарымен 2022 жылы Пекинде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына бойкот жариялау мәселесін талқыламақшы. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Нед Прайс мәлімдеді.

Нед Прайс АҚШ одақтастарымен бойкот тақырыбын «талқылауға дайын екенін» және «бұл мәселе өздерінің мүддесі үшін ғана емес, сонымен бірге, одақтастары мен серіктестерінің мүддесі үшін» екенін ескертті.

Оның айтуынша, мұндай қадам Қытайдың адам құқығын бұзғаны туралы соңғы айыптауларына байланысты болып отыр. Бұған дейін ақпан айында Қытайда тұратын 180 құқық қорғау ұйымы мен азшылық өкілдері әлемдік қауымдастыққа 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына бойкот жариялауға шақырды. Ашық хатта: «Кез-келген шешім Қытай коммунистік партиясының адам құқығын ашықтан-ашық бұзуын және авторитарлық билеушілердің шарасын қолдау деп санаймыз»,-делінген.

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) басшысы Томас Бах бойкот идеясын «бұл мәселеге оңды жауап» емес екенін айтты. Ал Германия Олимпиадалық спорт одағының (DOSB) президенті Альфонс Херман мұндай бойкотқа үзілді-кесілді қарсы екенін мәлімдеді.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz