АҚШ: Қазақстандағы президент сайлауында сөз бостандығы шектелді

АҚШ мемлекеттік департаменті Қазақстанда өткен кезектен тыс президент сайлауы кезінде саяси бәсекелестіктің болмағанын, сөз бостандығының шектелген мәлімдеді.

Америка Құрама Штаттары ЕҚЫҰ демократия институттары және адам құқықтары жөніндегі бюросының президент сайлауын бақылау миссиясының алдын ала қорытындыларымен келіседі және олардың Қазақстанда болуын құптайды. Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы сайлау тыныш өтсе де, дауыс беру процедуралары сақталса да, елеулі саяси бәсекелестік болмағанын, сөз бостандығы мен бейбіт жиналыстарға шектеу қою жалғасқанын тіркеді.

АҚШ мемлекеттік департаменті

Сонымен бірге АҚШ Қазақстан үкіметін алдағы сайлауға, оның ішінде 2023 жылы өтетін парламенттік сайлауға қатысты ЕҚЫҰ ұсыныстарын толығымен орындауға шақырды.

Factcheck.kz