АҚШ билігі: әлемде бопсалаушы хакерлерге 400 миллион доллар төленді

АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесі әлемде 2020 жылы бопсалаушы хакерлерге 400 миллион доллардан астам ақша төленгенін хабарлады. Бұл туралы Ақ үйдің ресми сайтында хабарланды.

Ал 2021 жылдың бірінші тоқсанында хакерлердің шотына 81 миллион аударылған.

Бопсалаушылардың бағдарламасы жаһандық экономиканы шығынға ұшыратты. 2020 жылы әлем бойынша олардың қызметіне 400 миллион доллардан астам, сонымен қатар, 2021 жылдың бірінші тоқсанында 81 миллион доллардан астам төленген.

Ақ үйдің ресми хабарламасынан.

Контекст

Биыл шілдеде АҚШ Мемлекеттік департаменті елдің маңызды инфрақұрылымына кибершабуыл жоспарлап отырған немесе шабуыл жасаған адам туралы ақпарат бергендерге 10 миллион долларға дейін сыйақы беретінін хабарлаған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz