Air astana-дан 100 мың теңге ұтыл ал – кезекті фейк

WhatsApp мессенджерінде Air astana-ның 155 жыл толуына орай сұрақтарға жауап бер де 100 мың теңге ұтып ал” деген сілтеме тарап жүр. Дербес деректі алу мақсатында жасалған кезекті хабарламаны бірге тексеріп көрейік.

Air astana-дан 100 мың теңге ұтыл ал - кезекті фейк
WhatsApp-ғы таралма

Үкім: Фейк

Біріншіден, Air astana-ға ешқандай да 155 жыл толмаған, әуе компаниясы 2001 жылы тіркеліп, алғашқы рейсін 2002 жылы 15 мамырда Алматы – Астана бағыты бойынша орындаған. Яғни, биыл компанияға 20 жыл. Екіншіден, Air astana-ның ресми аккаунтарында (Instagram және Facebook) акция туралы ақпарат жарияланбаған.

Сайттың өзі өте түсініксіз әрі “top” деген доменнен-ақ жалған сайт екенін байқаймыз. Ps.kz доменді тіркеу сайтындағы Whois арқылы “jdwmmk.top” сайты 17-і қыркүйекте құрылғанын көрдік. Демек, логикаға салып қарасақ, “155 жыл толған” әуе компаниясының сайты небәрі 3 ай ғана бұрын ашылғаны қисынға келмейді. Сондықтан да бұл кезекті дербес деректерді жинау үшін құрылған қақпан екенін білдік.

Air astana-дан 100 мың теңге ұтыл ал - кезекті фейк
Ps.kz

Естеріңізде болсын: Ешқандай компания не банк қандай да бір сауалнама арқылы тегін ақша бермейді. Сонымен қатар, WhatsApp ресми хабар тарататын орын емес, ол – хат алмасатын мессенджер ғана.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz