Әдіснама: Goszakup.gov.kz порталынан ақпаратты қалай іздейміз?

Мемлекеттік сатып алу – мемлекеттік бюджеттің маңызды құрамдас бөлігі, мемлекеттік қызмет пен мемлекетті басқару сапасы оған тәуелді. Сондықтан оны қоғам болып бақылау маңызды. Мемлекеттік сатып алу және журналистер үшін лоттарды тексеру әдістемесімен «Журналистерге арналған мемлекеттік сатып алу нұсқаулығы» жұмысының авторларының бірі, фактчекер Шыңғыс Уәлихан дайындады.

Мемлекеттік сатып алуға кіріспе

2019 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіндегі мемлекеттік сатып алу үлесі  37% немесе 4,6 трлн теңгені құрады және оның көлемі жыл сайын артып келеді.

Әдіснама: Goszakup.gov.kz порталынан ақпаратты қалай іздейміз?
Мемлекеттік сатып алу бойынша журналистерге арналған нұсқаулық

Сол себепті мемлекеттік сатып алудың ашықтығы, қоғамдық мониторинг өзекті. Ашықтық қағидатын ұстанбаса жемқорлық әрекеттері, мемлекеттік шығын, бағаны тым көтеріп жіберу көбейіп, сатып алынатын тауар, жұмыс пен қызмет сапасы төмендеп кетуі мүмкін.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу жүйесі – ашық ақпараттық жүйе  (goszakup.gov.kz  мемлекеттік сатып алу порталы), онда мына мәліметтер қамтылған:

— тапсырыс берушілер;
— ұйымдастырушылар;
— жеткізушілер;
— мемлекеттік сатып алудың басқа да қатысушылары.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы қарым-қатынасты реттейтін:

  • Мемлекеттік сатып алу туралы заң (2015 жылдың 4 желтоқсанындағы);
  • Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (2015 жылдың 11 желтоқсаны).

Қазақстандық мемлекеттік сатып алу жүйесінің ерекшелігі – мемлекеттік сатып алудың барлық кезеңін (сатып алу тарихын) порталдан бақылауға болады. Тіпті, мемлекеттік сатып алу келісім-шартын орындау туралы құжаттар – қабылдау-өткізу акті, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет акті, счет-фактура да ашық қолжетімділікте тұр.

Мемлекеттік сатып алу порталында ақпаратты қашан және қайтіп іздеу керек?

Мемлекеттік сатып алу порталында ақпарат табуға болатын негізгі алты бет бар. Үш бет «Реестрлер» бөлімінде болса, екеуі «Сатып алу» бөлімінде. Тағы бір бет «Есептілік» бөлімінде тұр.

Әдіснама: Goszakup.gov.kz порталынан ақпаратты қалай іздейміз?
goszakup.gov.kzӘдіснама: Goszakup.gov.kz порталынан ақпаратты қалай іздейміз?goszakup.gov.kz
Әдіснама: Goszakup.gov.kz порталынан ақпаратты қалай іздейміз?
Журналистерге арналған мемлекеттік сатып алу нұсқаулығы

Реестрлер: мемлекеттік сатып алу жоспары

Мемлекеттік сатып алу порталында ақпаратты іздеудің ең жеңіл тәсілі – тапсырыс беруші немесе жеткізушінің БИН нөмірі арқылы іздеу. Кез-келген мекеменің, мемлекеттік болсын, жеке болсын, БИН нөмірін Google іздеу жүйесі арқылы немесе eGov.kz сайтынан табуға болады.

Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алу жүйесінде мемлекеттік сатып алу жоспарын жүргізеді, онда мекеме қаржылық жыл бойы алатын тауар, жұмыс және қызмет көрсетіледі.

1.Алматы қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу жоспарын іздеп көрейік. Әуелі мекеменің БИН-ін тауып алу керек.

Әдіснама: Goszakup.gov.kz порталынан ақпаратты қалай іздейміз?

Мемлекеттік сатып алу порталындағы Мемлекеттік сатып алу жоспары бөліміне өтеміз

Әдіснама: Goszakup.gov.kz порталынан ақпаратты қалай іздейміз?

«Тапсырыс берушінің аты» деген жерге мекеменің БИН нөмірін енгізіп, «іздеу» (қызылмен көрсетілген) батырмасын басамыз.

Әдіснама: Goszakup.gov.kz порталынан ақпаратты қалай іздейміз?

Жылдық есептер

Мемлекеттік сатып алу жоспарын табудың осыған ұқсас тағы бір тәсілін «Есептілік» бөліміндегі «Жылдық жоспар» есебі» бөлімшесінен көруге болады. «Жылдық жоспар» бетінде орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдардың, мекемеге қарайтын барлық ұйымдарды қосқандағы жылдық жоспары тізім түрінде берілген.

Әдіснама: Goszakup.gov.kz порталынан ақпаратты қалай іздейміз?
Әдіснама: Goszakup.gov.kz порталынан ақпаратты қалай іздейміз?

«Жылдық жоспар» бөлімшесінде мемлекеттік сатып алу жоспары құрылымдалған түрде сақталған. Оған қоса сіз нақты бір мемлекеттік орган құрылымында қандай мекемелер бар екенін көре аласыз.

Сатып алу: хабарламаларды іздеу

«Сатып алу» бөліміндегі «Хабарламаларды іздеу» бөлімшесінде өзекті және аяқталған тендерлер туралы мәлімет болады. Бұл жерде тендер қорытындысы, жеңімпаз, қатысушылар саны және техникалық сипаттама құжаттары туралы ақпарат қолжетімді.

Әдіснама: Goszakup.gov.kz порталынан ақпаратты қалай іздейміз?

Алматы қаласы әкімі аппаратының сатып алуларын тауып көрейік. Басқарма БИН-ін гугл арқылы табамыз. «Хабарламаларды іздеу» бетіне кіреміз.

Әдіснама: Goszakup.gov.kz порталынан ақпаратты қалай іздейміз?

Хабарландыру тізімінен өзімізге керегін таңдаймыз. Мысалы, әскери міндеттілерді жиын орнына апару және әкелу үшін автобустарды жалға алу.

Әдіснама: Goszakup.gov.kz порталынан ақпаратты қалай іздейміз?

Хабарламаны ашамыз. Алдымыздан 7 қосымша бет ашылады:

  • жалпы мәлімет;
  • лоттар;
  • құжаттама;
  • хаттамалар;
  • жеңімпаздар туралы мәлімет;
  • келісім-шарт;
  • апелляция.
Әдіснама: Goszakup.gov.kz порталынан ақпаратты қалай іздейміз?

«Жалпы мағлұмат» бетінде тендер туралы жалпылама ақпарат бар. Оның ішінде сатып алуды өткізу тәсілі, сатып алу соммасы және тапсырыс беруші мен ұйымдастырушы туралы мәлімет бар.
«Лоттар» бетінде сатып алынған зат (жұмыс, қызмет, тауар) туралы ақпарат бар.
«Құжаттама» бетінде байқау құжаттамасының мәліметтері бар, мұнда N2 (техникалық сипаттама) қосымшасы – алынатын лоттың техникалық сипаттамасын оқу маңызды.
«Хаттама» бетінде тендер нәтижесі туралы аралық және қорытынды мәлімет бар. Сатып алуды өткізу тәсіліне қарай бірнеше хаттама жасалады.

Әдетте, олар:

  • ашу хаттамасы;
  • алдын ала жіберу хаттамасы;
  • қорытынды хаттама.

Ашу және алдын ала жіберу хаттамасында жеткізушілердің сұраныстары бойынша байқау комиссиясының шешімі көрсетілген. Тендер қорытындысы туралы мәлімет қорытынды хаттамада болады.

  • «Жеңімпаздар туралы мәлімет» бетінде байқау жеңімпазы туралы ақпарат болады.
  • «Келісім-шарт» бетінен жеткізуші мен тапсырыс беруші арасында жасалған келісім-шартты көруге болады.

Сатып алу: лоттарды іздеу

Әдіснама: Goszakup.gov.kz порталынан ақпаратты қалай іздейміз?

Лот – мемлекеттік сатып алу құралы, басқаша айтқанда алынатын тауар, жұмыс немесе қызмет. «Лоттарды іздеу» бөлімшесінде алынатын тауар, жұмыс және қызмет туралы мәлімет болады. «Лоттарды іздеу» арқылы ақпарат іздеу нақты бір тауар, жұмыс және қызмет туралы толық мағлұмат алуға арналған.

Келісім-шарт реестрі

Мемлекеттік сатып алу келісім-шарты – мемлекеттік сатып алу порталында электронды сандық қолтаңбамен куәландырылған жеткізуші мен тапсырыс беруші арасындағы келісім-шарт. Бұл реестрге былай кіруге болады: Реестрлер>Келісім-шарт>Келісім-шарт реестрі.

Әдіснама: Goszakup.gov.kz порталынан ақпаратты қалай іздейміз?

Бұл жерден мемлекеттік сатып алу келісім-шартын жүктеп, тапсырыс беруші мен жеткізуші арасындағы шарт ережесі және бөліктерімен танысуға болады.

Әдіснама: Goszakup.gov.kz порталынан ақпаратты қалай іздейміз?

Арыз-шағымдар реестрі

Әдіснама: Goszakup.gov.kz порталынан ақпаратты қалай іздейміз?

Жеткізушілер мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру кезінде байқау қорытындысына шағым түсіре алады. Жеткізушілердің барлық шағымы арыз-шағым реестрінде сақталған, оны былай көруге болады: Реестрлер>Шағымдар>Арыз-шағым реестрі.

Сәл-сәл теория: мемлекеттік сатып алу қалай құрылған?

Мемлекеттік сатып алу жүйесінде бірнеше рөл бар, олардың екеуі негізгі – тапсырыс беруші мен жеткізуші.

Тапсырыс беруші (мемлекеттік орган/құрылымдық бөлімше) мемлекеттік сатып алудың жоспарын бекітіп, жүргізеді, жеткізушімен келісім-шарт орнатады, яғни мемлекеттік орган түріндегі тапсырыс беруші мемлекеттік органның нені, қандай көлемде сатып алатынын, шығын көлемі қанша болатынын жоспарлайды.

Жеткізуші тауарды жеткізеді, жұмыс және қызмет түрін көрсетеді.

Жеткізуші сатып алуға қатысып жатқан кезде және сатып алу бойынша жеңімпаз деп танымай тұрған кезде олар әлеуетті жеткізушілер болып есептеледі. Әлеуетті жеткізушілер мемлекеттік сатып алуға қатысады, заңды және жеке тұлға болып бөлінеді. Соңғы топқа жеке кәсіпкерлер жатады. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша жеңімпаз атанғандарды, оған қоса сатып алу процедураларын өткізбей келісім-шарт орнатқан ұйымдарды жеткізушілер деп атайды.

Мемлекеттік сатып алу қатысушылары арасындағы өзара қарым-қатынас белгілі бір тауар, жұмыс немесе қызметті сатып алуға негізделеді (ары қарай ТЖҚ). Сатып алынатын ТЖҚ сапасы мен санын көрсететін негізгі құжат – техникалық сипаттама. Онда барлығы егжей-тегжейлі сипатталған. Порталдан ТЖҚ сатып алу үшін мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру беріледі, онда сатып алынатын ТЖҚ сипаттамасы,  жеткізу мерзімі мен орны және басқа да шарттары көрсетіледі.

Мемлекеттік сатып алу туралы бір хабарлама бірнеше лот бар, яғни нақты бір ТЖҚ-ны жеке сатып алу туралы жариялануы мүмкін. Мысалы, тапсырыс беруші бір хабарландыруда кеңсе тауарларын сатып алу туралы хабарлап, олардың әр түріне бөлек лот жасайды. Тағы да мысал, кеңсе қаламдарын сатып алуға бөлек лот, қағаз желіміне бөлек лот және тағы солай жалғаса береді.

Мемлекеттік сатып алу жүйесі мен оны өткізу процедураларында бірнеше хаттама бар, олардың негізгісі:

  • Әлеуетті жеткізушіге қатысуға рұқсат беретін хаттама;
  • Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша толық әрі егжей-тегжейлі ақпарат беретін, жеңімпаздар туралы, мемлекеттік сатып алуға қатысқан барлық жеткізушінің ұсынған бағалары туралы мәлімет беретін хаттама.

Тапсырыс беруші мен жеткізуші  арасындағы маңызды құжаттардың бірі – келісім-шарт. Мемлекеттік сатып алу келісім-шарты типтік, бірақ техникалық сипаттама оның ажырамас және міндетті бөлігі. Екі жақ ол құжатпен танысып, қол қою арқылы келісім-шартты орындау міндетін өз мойындарына алады.

Процесс кезеңдері

Мемлекеттік сатып алу процесінде үш кезең бар:

  • Мемлекеттік сатып алуды жасау және жылдық жоспарын бекіту;
  • Жеткізушіні таңдау және онымен мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт орнату;
  • Мемлекеттік сатып алу шартын орындау.

Дайындау және бекіту

Мемлекеттік сатып алу порталынан кез-келген  мемлекеттік орган немесе мекеменің (мемлекетік сатып алу жүйесінің қатысушысы)  жылдық сатып алу жоспарын табуға болады.  Жоспарда қандай ТЖҚ барын  (тауар, жұмыс, қызмет), қандай көлемде алу жоспарланып отырғаны, олардың бағасы қанша болады және қай уақытта жеткізетіні туралы мәлімет болады. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші соған сәйкес бюджет бекітілгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде бекітеді.

Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгеріс немесе толықтыру енгізсе сол өзгеріс немесе толықтыруды 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу веб-порталына қосу керек. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу жоспарына айына 2 реттен  артық өзгеріс немесе толықтыру енгізе алмайды.

Мемлекеттік сатып алудың осы кезеңіндегі мәлімет өте маңызды. Мемлекеттік сатып алу жоспарының тармақтарына сілтеме жасап журналистер мемлекеттік органның шешімін өзгертуге әсер етуге немесе сатып алуды болдырмауға мүмкіндік алады.

Жеткізушіні таңдау және онымен мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт орнату

Бұл кезеңде мемлекеттік сатып алу порталынан тапсырыс беруші, жеткізуші, сатып алу тәсілі, сатып алу туралы хабарландыру сынды ақпараттарды табуға болады. Техникалық сипаттаманы (сатып алынатын тауар, жұмыс және қызмет сипаттамасы) көруге, яғни сатып алудың бүкіл кезеңдерін көру мүмкіндігі бар. Оның ішіне мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт орнату да кіреді. Жеткізушіні таңдау мен әр сатып алу тарихы сатып алуды ұйымдастыру тәсіліне байланысты. Оның негізгі айырмашылықтары туралы келесі бөлімде айтылады.

Мемлекеттік сатып алудың бұл кезеңі бізге толық әрі кеңейтілген ақпарат береді. Журналистік материалды дайындау кезінде сіз мемлекеттік сатып алу туралы хабарлама, тапсырыс беруші, әр әлеуетті жеткізуші туралы нақты мәлімет аласыз. Жеткізушілердің ұсынған бағаларын, сонымен қатар сатып алу қорытындысы бойынша хаттаманы көруге болады.

Мемлекеттік сатып алу келісім-шартын орындау

Мемлекеттік сатып алу порталында бұл кезең бойынша мемлекеттік сатып алу жұмысы қандай көлемде, қай мерзімде дайын болғаны туралы ақпарат қолжетімді. Мемлекеттік сатып алу шартын жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші мен жеткізуші келісім-шартта көрсетілген және мойындарына алған міндеттің барлығын орындаса – келісім-шарт та орындалған болып есептеледі.

Егер сіз мемлекеттік сатып алу порталында мәліметтерді іздеуден тәжірибе жинағыңыз келсе, сізге «Мемлекеттік сатып алу бойынша журналистерге арналған нұсқаулық» бөлімі дайын. Нұсқаулық «Социум-зерттеу» ҚБ жүзеге асырған Open Tenders жобасы аясында жасалды.

ZERTTEU

Журналист Factcheck.kz

Factcheck.kz