6.11 | Сайлауға қатысты Facebook шешімі, Лукашенко азаматтарға елге кіруге тыйым салды, желіде маскаға қатысты тағы бір фейк тарады

Лукашенко пандемия кезінде елден кеткен азаматтарды Беларуське кіргізуге тыйым салды

Өзін Беларусь президентімін деп жариялаған Александр Лукашенко пандемия кезінде елден кеткен азаматтарды Беларуське өткізбеуге тапсырма берді. Бұл туралы инфекция таралуына қарсы шара қолдану туралы кеңесте мәлімдеді. Бұл туралы БЕЛТА Беларусь мемлекеттік агенттігі хабарлады.

Лукашенконың айтуынша, шекара әскерлерінің қолбасшысына тек шетелдіктерді емес, сонымен бірге, “қиын уақытта елден тыс жерлерге кеткен Беларусь азаматтарын” да кіргізбеуге тапсырма берді.

“Олар сырт елдерге оқуға кетсе — оқысын, жұмыс істеуге кетсе — жұмыс жасасын, Біз оларға еш кедергі келтірмедік. Сондықтан сонда жұмыс жүріп, сонда емделсін.

Сонымен қатар, Лукашенко кейбіреулердің елге тек арзан ем алу үшін оралғанын, Ресейден қайтатын азаматтарға мұндай шектеу қойылмайтынын айтты.

Facebook пен Instagram-да АҚШ-тағы президент сайлауының нәтижелері жарияланады

Facebook АҚШ-тағы президент сайлауы жеңімпазының атын әлеуметтік желі парақшаларына орналастыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты хабарлады.

Компания үміткердің аты-жөнін бірнеше БАҚ толық нәтижені жариялағаннан кейін бірден Facebook пен Instagram-ның жоғарғы жағында арнайы хабарламада көрсетеді.

“Біз жалған ақпарат пен күмәнді контент көп адамға жетпеуі үшін қосымша қадамдар жасаймыз”, – деді Facebook өкілі Том Рейнольдс.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ сайлауының соңғы нәтижесі әлі жарияланған жоқ, бірақ екі кандидат Джо Байден мен қазіргі президент Дональд Трамп өздерінің жеңістеріне күмәнданбайтынын айтты.

Денсаулық сақтау министрлігі маскаға қатысты видеоға түсініктеме берді

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті “медициналық масканы тақпаса, қазақстандықтарға айыппұл салуға болмайды” делінген видеоға байланысты түсініктеме берді. Департамент бұны дезинформация деді. Ақпаратты BaigeNews таратты.

“Бас санитарлық дәрігерлердің қаулысы “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” кодекспен реттелген. Олар міндетті түрде жұқпалы аурудың таралуы кезінде орындалуы тиіс. Айыппұлдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сай салынады. Біз осындай ақпаратқа сенбеуге және маска режимін сақтауға шақырамыз”, — деп комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев айтты.

Видеода бас санитарлық дәрігердің маска тақпау туралы шешімі нормативтік құқықтық акт емес, сондықтан салынған айыппұлдар заңсыз деген пікір айтылған еді.

https://www.instagram.com/p/CHN3sk9FD9Y/?utm_source=ig_embed

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz