44 мың ерікті ресейліктерге Украинадағы соғыс жайлы қоңырау шалған

Ресей Украинаға соғыс ашқалы Литваның бірнеше тұрғыны “Ресейге қоңырау шал” жобасын ойлап тапты. Олар кез келген адамға ресейліктерге қоңырау шалып, соғыс жайлы сөйлесуді ұсынады. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.

Жоба басталғалы үш айдың ішінде Ресейге 44 мың адам қоңырау шалған. Жоба авторларының айтуынша, олардың мақсаты ресейліктерді “арнайы операция” жайлы ойын өзгерту емес.

Олардың міндеті ресейлік қоғам арасында соғысқа қатысты көзқарасты өзгерту. Жоба еріктілері саясат жайлы айтып, дауласпайды. Тек Украинадағы гуманитарлық апат жайлы хабардар етіп, ресейліктердің не ойлайтынын тыңдайды.

Кейін жобаға Еуропа кеңесі қызыға бастаған. Қазіргі уақытта “Ресейге қоңырау шал” жобасының авторымен Еуропа кеңесі өкілі кеңесіп отырады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz