42500 теңге үшінші рет берілетіні рас па?

Соңғы кезде ел арасында “42500 теңгені үшінші рет береді екен” деген ақпарат тарап жатыр. Ресми органдардан мұндай хабар айтылмаса да, біраз адам үміттеніп қалғаны рас. Оқырмандарымыздың сұрауы бойынша ақпараттың рас-өтірігін тексеріп көрдік. 

Сүйінші! 42 500 теңге 3-рет берілетін болды!

Оқырман жіберген хабарламадан…

Үкім: Жалған

42500 теңге – Төтенше жағдай кезінде кірісінен айырылған азаматтарға арналған мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін қаржалай көмек. Ал елдегі ТЖ 11 мамырда аяқталғандықтан әлеуметтік көмекке өтініш беру де тоқтатылған. Яғни үшінші 42500 теңге төленбейді.

Ақпаратты таратқандар әлеуметтік көмекті алмағандардың өтінішін қайта қарастыруды “үшінші рет көмек берумен” шатастырса керек.

Контекст

Естеріңізге сала кетейік, ТЖ кезінде әлеуметтік көмек алуға өтініш беріп, жәрдемақы алмаған азаматтар өтініштерін қайта ұсына алады. Ол үшін аудандық (қалалық) штабқа растайтын құжаттармен қоса тиісті өтініш беру керек.

Қызметкерлері үшін құжаттар беретін жұмыс берушілер үшін:

– жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберу туралы бұйрықтар;
– жұмыс берушінің ТЖ кезеңінде кірісін жоғалту фактісін растайтын құжаттар (банктік шоттардан үзінділерді қоса алғанда, қаржылық және өзге де есептілік, бухгалтерлік баланс және басқа құжаттар);
– мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларация (МКК-мен салыстыру үшін, 200-нысан).

ЖК және жеке практикамен айналысатын адамдар үшін:

– мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларация (МКК-мен салыстыру үшін, 200-нысан);
– табыстың жоғалту фактісін растайтын құжаттар (банктік шоттардан үзінділерді қоса алғанда, қаржылық және өзге де есептілік, бухгалтерлік баланс және басқа да құжаттар).

АҚС шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар үшін:

– заңды тұлғамен жасалған жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) арналған АҚС шарты.

Дайындаған: Думан Терлікбай

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz