30.11 | Телеграмдағы алаяқтар, “Корона” сериалына ескерту, Қазақстанның тәуелсіз құқық қорғау ұйымдарының үндеуі

Телеграмдағы алаяқтар жайлы ескерту

Украинаның Ішкі істер министрлігі алаяқтардың жаңа әдісі жайлы ескерту жасады. Алаяқтар Telegram арқылы қолданушының досымын деп таныстырып, қарызға ақша беруді сұрайды. Министрліктің мәлімдемесі туралы “Лига Tech” хабарлады.

Алаяқтық «әрекет» кезінде профильдегі фото мен адамның аты-жөні нақты қолданушының фото және атымен сәйкес келеді. Алайда алаяқтың нөмірі жасырылады.

Украина ІІМ ұсынуынша, егер осындай хабарлама алған болсаңыз, досыңызға қоңырау шалып, мұндай хабарлама жібергені жайлы нақтылап алыңыз.

Ұлыбритания министрі “Корона” сериалына ойдан шығарылған жайлы ескерту қосуға шақырды

Ұлыбританияның Мәдениет министрі Оливер Дауден Netflix-ке “Корона” сериялы басталар алдында ойдан шығарылғаны туралы белгі қосуға шақырды. Министр бұл туралы Daily Mail-ге берген сұхбатында айтты.

Дауденнің айтуынша, кейбір көрермендер сериалды қарағаннан кейін нақты факттер келтірілген деп ойлауы мүмкін.

“Бұл серил керемет әрі көркем шығарма екені сөзсіз. Netflix сериал басында басқа сериалдар секілді түсіндіруі керек. Онсыз, көрермендер көркем шығармада көрсетілген оқиғаларды факт ретінде қабылдайды деп алаңдаймын”, – деді министр.

“Корона” сериялы Ұлыбритания патшайымы Елизавета II-нің өмірі мен билігі туралы баяндайды. Биыл күзде төртінші маусымы көрсетіліп жатыр.

Қазақстан азаматтық қоғамы мен тәуелсіз құқық қорғау ұйымдарының үндеуі

30 қарашада тәуелсіз азаматтық қоғам мен құқық қорғау ұйымдарға салық органдарының негізсіз талаптарына байланысты қазақстандық Үкіметтік емес ұйымдар шұғыл брифинг өткізді. Брифингте азаматтық қоғамның бірқатар тәуелсіз коммерциялық емес мекемелері мен құқық қорғау ұйымдары салық органдарының “шабуылына” ұшырағаны туралы айтты.

Соңғы бірнеше аптада азаматтық қоғамның бірқатар тәуелсіз коммерциялық емес мекемелері мен құқық қорғау ұйымдары салық органдарының «шабуылына» ұшырады. Біздің ойымызша, оларды ҰҚК (Ұлттық қауіпсіздік комитеті) органдары тұр. Барлығы көшіріп алғандай, бір-бірінен айна қатесіз аумайды. Әртүрлі аймақтарда салық органдары салық есептілігінің 017.00 және 018.00 формаларын толтырудағы қателіктерді сылтауратып, ескерту хаттарын жолдаған. Бұл формалардың барлығы шетелдік көздерден қаржы алу мерзімі мен оның жұмсалуына қатысты. Мәселе салықтан жалтару, қаржыны заңсыз және мақсатсыз жұмсау жөнінде емес, форманы толтыруға қатысты.

Үндеуді толықтай мына сілтеме арқылы оқи аласыз.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz