28.12 | Samsung смартфонына алдын-ала тапсырыс, Гонконгтағы суасты туннелі, Қазақстан Pfizer вакцинасын сатып алуға дайын ба?

АҚШ-та Samsung Galaxy S21-ге алдын-ала тапсырыс беру басталды

АҚШ-та Samsung Galaxy S21 смартфондарына алдын-ала тапсырыс беру науқаны басталады. Samsung Galaxy 21-ге алдын ала тапсырыс берген тұтынушылар бонус ретінде 60 долларға дейін алып, оны чехол немесе басқа да аксессуарға жұмсай алады.

Samsung компаниясының Үндістанның Бангалор қаласында орналасқан Samsung Opera House дүкенінде 9 желтоқсаннан бастап алдын-ала тапсырыс қабылдай бастаған. Ал Қытайда алдын-ала тапсырыс 18 желтоқсаннан басталды.

Дереккөздің дерегінше, Samsung Galaxy 21, Samsung Galaxy 21+ және Samsung Galaxy 21 Ultra-дан бөлек, Galaxy Buds +, Galaxy Buds Pro және Galaxy Buds Live құлаққаптары да көрсетіледі.

Қазақстан Pfizer вакцинасын елге жеткізбек

Денсаулық сақтау министрлігі американдық Pfizer вакцинасын Қазақстанға жеткізуге дайын. Алайда оған қатысты ақпараттар айтылмайды, өйткені министрлік жарияламау туралы келісімге қол қойған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдегенін Holanews.kz сайты хабарлады.

Оның айтуынша, зерттеудің үшінші сатысының есебі бойынша уақытша тіркеуге мүмкіндік беретін тиісті ережелер әзірленген.

«Pfizer вакцинасы туралы айтар болсақ, оны -70 градусқа дейінгі қатаң талаптармен қатар, бағасы де ерекше. Ол ресейлік вакцинадан қарағанда екі есе қымбат. Біз бүгін Pfizer компаниясымен жарияламау туралы келісімге келдік. Бұл вакцинаны Қазақстан аумағына арнайы құжаттарды тапсыру арқылы жеткізу ісімен айналысуға дайынбыз», — деді Марат Шоранов.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан «Спутник V» вакцинасын тіркеу мәселесін қарап жатыр. Вакцина 2021 жылдың 21 қаңтарына дейін Н.Ф. Гамалея атындағы ЭМҒЗИ-да сапаны бақылау процесінен өтеді.

Тексеру сәтті болған жағдайда 2021 жылғы 26 қаңтардан 11 ақпанға дейін препаратты Қазақстан Республикасында тіркеу жоспарланып отыр.

Гонконгта суасты туннелі ашылды

Гонконгта жаңа су асты туннелі ашылды. Бұл төрт мегаполистегі ең ұзын және ең тереңі. Бұл туралы ТАСС Қытайдың арнайы әкімшілік ауданының көлік департаментіне сілтеп хабарлады.

«Ұзындығы 5,5 шақырым құрайтын туннель Гонконгтың Тунмун аймағын Чеклапкок халықаралық әуежайының жанындағы Лантао аралымен және 2018 жылдың соңында ашылған Гонконг-Макао-Жухай көпірін теңіз арқылы байланыстырады», – делінген хабарламада.

Туннельдің құны 47 миллиард Гонконг долларды (6,1 миллиард доллар) құрап, ал құрылыс жеті жылдан астам уақытты алған. Бұл жолмен жүру үшін ақы алынбайды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz