27.10 | Жалаңаш фото дайындайтын боттар, Twitter vs Трамп, дербес деректерді таратқан “күдікті” ұсталды

Беларусьте дербес деректерді таратқан “күдікті” ұсталды

Минскіде өзінің қызметтік жағдайын пайдаланды деген күдікпен мемлекеттік кәсіпорынның 25 жастағы менеджері ұсталды. Ол милиция қызметкерлерінің және олардың отбасы мүшелерінің жеке деректерін жинады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Беларусь ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ольга Чемоданова хабарлады.

Ер адамның айтуынша, күдікті құқық қорғау органдарында жасайтындардың жеке мәліметтерін “Беларусь қара кітабы” аталатын Telegram арнасына берген. ІІМ жариялаған видеода күдікті шетелде жүрген жолдастары ақша ұсынғанын айтты.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ер адам тамыздан қазанға дейін Беларусьтің ондаған тәртіп сақшылары туралы ақпарат таратқан. Сол үшін криптовалюта түрінде сыйақы алған.

Күдіктіге ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметіне араласқаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Трамп vs Twitter

Twitter Дональд Трамптың жазбасын жалған ақпарат болуы мүмкін деп белгіледі.

АҚШ-тағы пошта арқылы дауыс беруге қатысты үлкен проблемалар мен қарама-қайшылықтар. Бізде 3 қарашада нақты нәтижелер болуы керек.

Трамп

Енді Трамптың жазбасында “даулы және сайлауға қатысты адастыруы мүмкін” деген белгі бар.

Трамп бірнеше рет әлеуметтік желілерді өзіне қарсы екенін білдіріп, саяси қарсыластарын қолдайды деп айыптады. Әлеуметтік желілер, соның ішінде Twitter де Трамптың айтқанын жоққа шығарады.

Италия жалаңаш сурет дайындайтын боттарға қарсы тергеу бастады

Италия билігі Telegram-да қолданушылардың жалған жалаңаш суреттерін түсіретін deepfake боттарды тергейді. Бұған дейін Sensity киберқауіпсіздік фирмасы шілдеде 104,8 мыңнан астам адамның жалған жалаңаш суреттері Telegram-да жарияланған еді. Кейінгі үш айда мұндай суреттердің саны 198 пайызға өскен.

Мұндай жалаңаш фотоны дайындайтын телеграм боттар қолданушылардан ақша алған. Сонымен қатар, көбіне кәмелетке толмағандардың да суреттері бар.

Sensity мұндай суреттерді 2019 жыл ашылған DeepNude бағдарламасы жасағанын анықтады. Бағдарламаның авторы “бұл жобаны дұрыс пайдаланбау ықтималдығы жоғары” деп есептегеннен кейін жапқан. Алайда, Sensity-дің дерегінше, бағдарлама кейіннен қайта жасалып, интернетте қолжетімді болған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz