26.11 | Шотландия әйелдеріне тегін гигиеналық заттар, айыппұл арқалаған Facebook, ДДСҰ Таразға қатысты не деді?

Оңтүстік Корея Facebook-ке 6 млн доллар айыппұл салды

Оңтүстік Кореяда Facebook-ке өзге компанияларға қолданушылардың жеке деректерін таратқаны үшін 6,7 миллиард вон (6 миллион доллар) айыппұл салынды. Бұл туралы “Бабель” Кореяның Yonhap ақпараттық агенттігіне сілтеп хабарлады.

БАҚ дерегінше, мұндай шешімді Оңтүстік Кореяның жеке ақпаратты қорғау жөніндегі комиссиясы қабылдаған.

Комиссия Ирландияда тіркелген Facebook Ireland Ltd компаниясының қызметін осы жылдың тамыз айында тексере бастады. Facebook Ireland Ltd Оңтүстік Кореядағы желінің қызметіне жауап береді. Ақпаратты қорғау жөніндегі комиссия Facebook-тің қолданушылардың келісімінсіз 2012-2018 жыл аралығында бизнес серіктестерге 3,3 миллион адамның деректерін берген. Жеке деректерді шамамен 10 мыңға жуық компания алған.

Facebook компаниясының ресми өкілдері “тергеу барысында толық ақпарат бергендерін” және комиссия шешімін зерттейтінін хабарлады.

Шотландия әйелдеріне тегін гигиеналық заттар беріледі

Шотландия билігі әйелдерге арналған гигиеналық заттарды тегін беретін жаңа заң жобасын қабылдады. Шотландия мұндай шешімге келген әлемдегі алғашқы ел. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.

24 қарашада Шотландия парламентінің депутаттары заң жобасына бірауыздан дауыс берді. Заң жобасында жергілікті билікті әйелдерге кез келген уақытта прокладка, тампон және т.б. гигиеналық заттарды беруге міндеттейді.

Заң жобасының авторы Еңбек партиясының депутаты Моника Леннон. Ол 2016 жылдан бастап қыздар мен әйелдердің жеке гигиена заттарын сатып ала алмауына байланысты мәлімдеме жасаған.

Леннон бұл шешімнің коронавирус пандемиясына байланысты жұмыссыз қалған халықтың ең кедей топтарын жақсы әсерін беретінін айтты.

ДДСҰ Тараздағы вакцина сынағына қатысты қандай мәлімдеме жасады?

ДДCҰ-ның ресми өкілі Таразда коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізу жоспарланғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Мұндай мәліметті “Бірінші арна Евразия” таратқан еді.

Қалалық аурухана бас дәрігеріне сілтеме жасаған телеарна тілшісінің айтуынша, «еріктілерге 200 мың теңге төленеді». Сонымен бірге, жаңалықта тесттің қашан болатыны белгісіз екені айтылды.

2020 жылы 25 қарашада қазақстандық БАҚ-та “Тараз тұрғындарына коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізу” жайлы жаңалыққа қатысты айтар болсақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда вакцина сынағын жасамайды және жоспарында жоқ. БАҚ өкілдерін ДДСҰ ұйымына қатысты жаңалықтарда елдегі ұйымның кеңсесіне хабарласуды ұсынамыз.

Кэролайн Кларинваль. ДДСҰ-ның Қазақстандағы ресми өкілі

Бұған дейін ДДСҰ басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус коронавирусқа қарсы вакцина COVID-19 пандемиясына төтеп беруге жеткіліксіз екенін және алдағы уақытта басқа да шаралар қолдану маңызды рөл атқаратынын хабарлаған еді.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz