2022 жылы қаңтарда Алматыдағы биолабораторияға шабуыл жасалды ма?

Қазақстандағы, Украинадағы және Грузиядағы биозертханаларға қатысты конспирология ресейлік БАҚ-та 10 жылдан бері тұрақты түрде тарап келе жатыр. Зертханалардың жұмысы барынша ашық екеніне қарамастан, үнемі манипуляция құралына айналады. Айта кетейік, қазақстандық зертхана Орта Азиялық обаға қарсы ғылыми-зерттеу институты (1949 жылы ашылған, біздің ел оба, бруцеллез және сібір жарасына эндемикалық болғандықтан) базасында жасалған, оны Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі қадағалайды.

8 қаңтар күні түрлі хабарламалар мен бірқатар ресейлік сайттарда Алматыдағы Орталық референс-зертханаға (ОРЗ) шабуыл жасалғаны туралы ақпарат кең тарап кетті. Ақпарат бойынша, лаңкестер зертханадағы препараттарды ұрлап кетпекші болған, тіпті бірінші қабаттағы терезелерді сындырыпты-мыс. Оны ресми БАҚ пен Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды. Дегенмен 13 қаңтарда WarGonzo арнасы мен «Комсомольская правда» арнасы ОРЗ-ға шабуыл жасалды делінген видеоны жариялады. WarGonzo мұны тіке айтса, «Комсомол» тілшісі жанамалап айтып, биологиялық зертхананың қорғанысы жақсы дәреже болғанымен, зиянкестердің әрекетіне қарсы тұратын күзеттің «нашар» екенін жеткізген. Екі бейнетаспада да ОРЗ-ның сынған терезесі туралы айтылып, тіпті көрсетіледі.

WarGonzo ролигінен стоп-кадр

Бұл ақпарат әлі де тарап жатқандықтан (оның үстіне, Қазақстанда ғана емес, біздің Taiwan FactCheck Center-дегі әріптестеріміз бұл ақпаратты тексеруге көмектесуімізді сұрады), біз дәлелдерді талдап, сіздермен нәтижесімен бөлісуді жөн көрдік.

Мәлімдеме: Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматыдағы биозертханаға шабуыл жасалды. Оған дәлел – зертхананың сынған терезесі.

БАҚ, виралды хабарламалар

Үкім: Манипуляция

Кейінгі екі аптада біз ондаған сағат бойы Алматыдағы видеоларды қарап шықтық. Зертханаға шабуыл жасалғанын растайтын еш дәлел таппадық. Ресей арналарындағы роликтерге келер болсақ, оларда бақылау-өткізу пункті арқылы ішке кірмек болғанын көрсететін дәйек жоқ, ОРЗ аумағында ірі тәртіпсіздік, атыс немесе бүлік болғаны туралы хабар де түскен жоқ. Ал роликтерде «медициналық зертхананың терезесі» деп көрсетілгені – әкімшілік бөлігі мен Паразиттік аурулар орталығы жатақханасына кіретін тұстағы терезе. ОРЗ бақылау-өткізу пунктінің басқа жағында орналасқан.

Біз роликтерді талдадық. Журналистер күзет басшысымен тілдесіп жатқан кадрда ОРЗ бақылау-өткізу пункті түсірілген, кадрдан байқағанымыздай, бақылау-өткізу пунктінде басып кіру белгілері жоқ. Күзет басшысы оған журналистердің көзін жеткізгісі келеді.

ОРЗ-ның жаңа ғимараты – төрт қабатты және қоршаудан алыста орналасқан. Ал терезесі сынған ғимарат бір қабатты және оның көше жақтан кіретін есігі бар. Оның қандай ғимарат екені жазуынан анық көрініп тұр – «ЖАТАҚХАНА» (ресейлік журналистер бұл сөздің аудармасын түсінбегеніне қарағанда, жергілікті тұрғандардан сұрастырмаған тәрізді). Төменде үш жер де көрсетілген картаны бердік. Айта кетейік, ОРЗ – жасырын мекеме емес.

Жатақханаға кіру үлгісі Google Earth бағдарламасында бар. Салыстыру үшін «Яндекс.Карта»-дағы көше суреттері.

Зертхана ғимараты / Алмаза Толекенің фотосы / Informburo.kz

Терезеге келер болсақ, оның қашан сынғаны белгісіз. Тіпті 2022 жылдың қаңтары болған күннің өзінде оны шабуыл жасау әрекеті деуге келмес, себебі жанындағы екі терезе де бүтін. Ол екі видеодан да анық көрініп тұр.

Сондай-ақ, айта кеткен жөн, ролик авторлары зертхананы америкалық деп сипаттаған, бірақ ол толығымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағында.

123

Біз бұған дейін Алматыдағы референс-зертханаға қатысты бірқатар жалған және манипуляциялық сюжеттерді талдаған болатынбыз. Егер сізді бұл мәселе қызықтырса сол материалдарды оқып шығуға кеңес береміз. Осы жерде тағы да айта кетейік,

Қорытынды

Қазіргі уақытта Алматыдағы ОРЗ-ға шабуыл жасалғаны туралы ешқандай дәлел жоқ. Бұл ақпаратты таратып жатқан блогерлер мен БАҚ оны тексермей, ОРЗ ғимаратын жатақхана аумағына кіретін өткізу-бақылау пункті мен Масғұт Айқымбаев атындағы ҚКЗЖАҒО (Қазақ карантинді және зоонозды жұқпалы аурулар ғылыми орталығы) әкімшілік бөлігімен шатастырып алған. Шабуыл жасалғаны туралы пікір жатақханаға кіретін тұстағы бір терезенің сынғанына ғана негізделген.

Павел Банников
Журналист, редактор. Филолог-славист. Соавтор и составитель ряда работ по журналистике и языку вражды. Работал журналистом и редактором в различных научно-популярных, развлекательных и общественно-политических изданиях Казахстана. Главный редактор проекта «Фактчек в Казахстане». Медиатренер, создатель образовательного проекта Factcheck.Academy