2019 жылы 27 жасқа толған қанша адам әскери билет алды?

15 қаңтарда өткен ҚР Мәжілісінің пленарлы отырысында Парламент төменгі палатасының төрағасы Нұрлан Нығматулин әскери билет туралы сөз қозғаған болатын. Factcheck.kz сайты ақпараттың рас-өтірігін тексеріп көрді.

Мәлімдеме: 2019 жылы әскерге баруға міндетті, 27 жасқа толған 48 мың адам әскери билет алуға тиісті болған, оның ішінен 30 мыңға жуығы ғана алған, яғни 36% құжатты [әскери билет – ред.] алмаған (орыс тілінен аударылды)

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы

Үкім: Шындық

ҚР Қорғаныс министрлігінің factcheck.kz редакциясына берген жауабына сай 2019 жылы 27 жасқа толған 48 096 сержант пен сарбаздың 30 836-ы әскери билет алған. Ал аталмыш құжатты алмағандар үлесі расымен де – 35,8%.

ответ-СМИ

Соңғы 5 жылда 180 мың адам әскери билет алған.

Әскери билет не үшін қажет?

ҚР “Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы” 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына сәйкес барлық әскери міндетті адам тұрғылықты жері бойынша әскери есепке тұруға міндетті.

ҚР Қорғаныс министрінің 2017 жылы 24 қаңтардағы №28 бұйрығы бойынша әскери есепке тұруын растайтын негізгі құжат – әскери билет. Ал, жұмысқа орналасу кезіндегі әскери билетті талап етудің басты мақсаты – азаматтардың әскери есепке тұрғанын бақылау.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz