20.10 | Instagram-ның бақылауға алынуы, 5G, Facebook-тың АҚШ сайлауына қатысты саясаты

Facebook пен Instagram АҚШ-тағы сайлауға қатысты 120 мың жазбаны жойды

Facebook және Instagram желісі биыл АҚШ-та қарашада өтетін сайлауға кедергі келтіру үшін жарияланған 120 000 жазбаны өшірді. Бұл туралы компанияның саясат және коммуникация вице-президенті Ник Клег айтты.

Сонымен қатар, Facebook пен Instagram сайлау қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2,2 млн жарнаманың жарияланбағанын хабарлады. Ал Facebook қызметі жалған ақпаратқа қатысты 150 миллион ескерту жасады.

20.10 | Instagram-ның бақылауға алынуы, 5G, Facebook-тың АҚШ сайлауына қатысты саясаты
Ник Клегг​(Фото: Tolga Akmen / Zuma / ТАСС)

Біз ақпаратты тексеру үшін жалпы 70 БАҚ-пен, оның ішінде Франциядағы бес БАҚ-пен серіктестік орнаттық.

Ник Клегг

Батыс басылымдарының дерегінше, Facebook 2016 жылы болған оқиғаны қайталағысы келмейді. Сол жылы АҚШ-та өткен сайлауды бұрмалау үшін Facebook сервистерін пайдаланғандар көп болған.

Инстаграмға тағылған айып

Ирландияның деректерді қорғау жөніндегі комиссия (DPC) Instagram желісінде баланың жеке мәліметтері хакердің қолына өтетінін-өтпейтінін тексеріп жатыр. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.

Атап айтқанда, Ирландияның реттеуші органы балалардың деректерін өңдеуге Instagram-ның заңды негізі бар-жоғын, бұған қоса жеке мәліметтің қорғалуы қаншалықты қамтамасыз етілгенін тексереді.

Егер DPC заң бұзушылықты анықтаса, Facebook (Instagram желісінің ие) үлкен айыппұл төлеуі мүмкін. Компания тергеу жасалғанда жағдайда есеп беруге дайын екенін айтып, бірақ органның күдігімен келіспегенін хабарлады.

Сонымен қатар, DPC 2018 жылы Еуроодақ қабылдаған жеке деректерді қорғауға байланысты жалпы ереженің (GDPR) сақталуын тексереді.

Ирландиялық органның тергеуі америкалық деректер маманы Дэвид Стирдің шағымынан кейін басталды. Стирдің айтуынша, Instagram 18 жастан төмен 60 млн қолданушының профилін бизнес-аккаунтқа ауыстыруға рұқсат берген. Бұдан кейін ашық деректерде олардың нөмірі, электронды поштасы көрсетілген. Стирдің пікірінше, хакерлер бұл жағдайдан кейін жаппай жас балалардың жеке деректерін жинаған.

Facebook өкілдерінің айтуынша, Дэвид Стир бизнес-аккаунттың қалай жұмыс жасайтынын дұрыс түсінбеген. Олар ашық деректерде болатын ақпаратты жеке мәліметке жатқызбайтынын айтты. Себебі әлеуметтік желі әкімшілігі қолданушыларға жеке мәліметтің ашық ресурстарда болатынын ескертеді. Бұған қоса, желіде жеке мәліметті жасыруға болатынын да ескертті.

15 ел 5G туралы жалған ақпаратқа байланысты Еуроодаққа жүгінді

Еуроодақтың 15 елі Еурокомиссиядан 5G телекоммуникация желілеріне қатысты жалған ақпаратқа қарсы стратегияны әзірлеуді талап етті. Euractiv сайтының хабарлауынша, Австрия, Болгария, Хорватия, Чехия, Кипр, Эстония, Финляндия, Греция, Латвия, Литва, Люксембург, Польша, Португалия, Словакия және Швеция үкіметінің өкілдері еурокомиссияға арнайы жазылған хатқа қол қойған.

Биыл қаңтар мен маусым айлары аралығында телекоммуникация топтарының еуропадағы инфрақұрылымына 140 шабуыл жасалғаны хабарланды. Қылмыстың көп бөлігі Ұлыбритания мен Нидерландыда болған.

Естеріңізге сала кетейік, кейбір елдерде коронавирус пен 5G желісінің байланысы туралы жалған ақпарат таралды. Бұндай ақпаратқа алданғандар арасында желі мұнарасын бұзғандар да бар.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz