2.10 | Ауылдағы интернет, iPhone 12, Freedom House Қазақстандағы қудалау жайында

Ұялы байланыс операторлары ауылдарға арналған интернет жобасын дайындады

Beeline, Tele2, Altel және Kcell ұялы байланыс операторлары “250+” жобасы аясында желілерді бірлесіп пайдалану туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы Holanews.kz хабарлады.

Жобаның мақсаты 250 ден астам тұрғыны бар ауылдарға жылдам интернетке қол жеткізуге мүмкіндік беріп, инфрақұрылым құру. Үш ұялы компанияға аймақ бойынша ауылдар бекітіледі. Сонымен бірге, ауыл тұрғындарына барлық үш оператордың абоненттері ұсынылады. Бір–бірімен бәсекелес компаниялар ұжымдасып, тұрғындар желіге қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін өзара алмасуға негізделген экономикалық шеринг (бөлісу немесе алмасу) моделін пайдалануға келісті.

Келісім бойынша, ауыл тұрғындары операторды өздері таңдауға құқылы. Сонымен қатар, жобаға құйылған қаржының ақталу мерзімі 35 жылдан асады деп болжанып отыр. “250+” жобасы әлеуметтік салаға бағытталған. Шамамен 1000 ауыл немесе 600 мыңнан астам адам желіге қосыла алады.

iPhone 12-ге 16 қазаннан тапсырыс беруге болады

Tmall компаниясы 16 қазанда жаңа iPhone телефондарына алдын-ала тапсырыс қабылдайтынын хабарлады. Бұл туралы “РИА Новости” қытайлық Weibo әлеуметтік желісіне сілтеп жазды.

13 қазанда жаңа iPhone-ның премьерасы болатынын болжаған инсайдерлердің ақпараты рас болып шықты. Бұған дейін Джон Проссер 13 қазанда жаңа моделдің премьерасы, ал 16 қазанда алдын ала тапсырыс беру басталатынын айтқан.

2.10 | Ауылдағы интернет, iPhone 12, Freedom House Қазақстандағы қудалау жайында
Tmall

Қытайлық компания премьераға байланысты ақпаратты ғана жарияламады. Сонымен қатар, Tmall компаниясының өкілі Iphone 12 Pro Max-тың қызыл және көк түстегі суретін жариялады.

Freedom House пандемия кезінде Нұр-Сұлтан сын айтқандарды қудалауды күшейткенін хабарлады

Covid пандемиясы әлем бойынша демократия дағдарысын күшейтіп, билік атаулыға сайлау нәтижесін бұрмалауға, баспасөз бен белсенділердің аузын жабуға және адам құқығын таптауға желеу болды. Бұл туралы Freedom House ұйымының “Демократияға құлып салынды” деп аталған жаңа баяндамасында айтылады. Штаб-пәтері Вашингтонда орналасқан ұйым зерттеуді GQR сауалнама жүргізу компаниясымен бірге жасаған. Баяндамада Қазақстан да аталған. Авторлар “Нұр-Сұлтан коронавирусты сылтауратып сөз бостандығын шектеді” дейді. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды.

2.10 | Ауылдағы интернет, iPhone 12, Freedom House Қазақстандағы қудалау жайында
Қазақстан полициясы оппозиция ұйымдастырған митингінің қатысушысын ұстап әкетіп барады. Митинг үкімет карантинді жеңілдеткен күні өтті. Алматы, 6 маусым 2020 жыл. Сурет: Азаттық радиосы

Барлығы 398 сарапшы қатысқан зерттеу 192 елді қамтып, соның 80-інде коронавирус пандемиясы кезінде демократия мен адам құқығы мәселесі ушыққан деген қорытындыға келген. Коронавируспен күрес қамы деген желеумен билікті теріс пайдаланған елдердің қатарында Қазақстан да бар.

Қазақстанда белсенділер мен саяси оппозицияны әлеуметтік желідегі сыни пікірі үшін не адам құқығының бұзылуы жөніндегі ақпаратты таратқаны үшін қудалау күшейді” делінген баяндамада.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz