17.11 | Twitter-дегі экс-хакер, ең арзан 180 Мп смартфон, ДДСҰ коронавирус вакцинасы жайлы не айтты?

Twitter қауіпсіздік қызметін танымал хакер басқарады

Мадж деген хакерлер арасындағы лақап атымен танымал Пейтер Затко Twitter микроблогтарының қауіпсіздік қызметін басқарды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Затко жаңа қызметіне қатысты пікір білдіріп, «ақпарат қауіпсіздігіне», «платформаның тұтастығына» және «манипуляцияның алдын алуға» жауап беретінін айтты. Затко бұған дейін Stripe төлемдер қызметінде жұмыс жасады.

Сексен-тоқсаныншы жылдардың аяғында Затко АҚШ-тағы ең танымал хакерлердің бірі еді. Сол кезде “Cult of the Dead Cow” тобының құрамында болған. Пейтер Затко — тоқсаныншы жылдардың басында хакерлер қауымдастығының атынан сөйлеп, американдық үкіметпен және жеке компаниялармен байланыс орнатқан алғашқы хакерлердің бірі.

Нарықтағы ең арзан 108 мегапиксельді смартфон

Redmi Note 9 смартфоны Қытайда шығуына рұқсат берілді. Алайда ресми презентациясы қашан болатыны белгісіз.

Дереккөздің хабарлауынша, Xiaomi Redmi Note 9-дың жарнама науқаны бүгін басталады. Ал 24 қарашада презентациясы өтеді. Смартфон әлемдік нарықта Redmi Note 10 атымен шығуы мүмкін.

Сонымен бірге, жаңа Redmi Note 9-ның бағасы алдыңғы смартфондар секілді арзан болады. Жаңа смартфонның басты ерекшелігі 108 мегапиксельді камерамен әзірленген.

Бұдан бөлек мұндай камерамен ерекшеленетін смартфон нарықтағы ең арзан смартфон болуы мүмкін. Дереккөздің болжауынша, смартфонның нарықтағы бағасы 150 доллардан басталады.

ДДСҰ басшысы коронавирус вакцинасы жайлы не айтты?

Коронавирусқа қарсы вакцина COVID-19 пандемиясына төтеп беруге жеткіліксіз. Алдағы уақытта басқа да шаралар қолдану маңызды рөл атқарады. Бұл туралы ДДСҰ басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус туиттер парақшасында жазды.

“COVID-19 пандемиясы басталғаннан вакцинаның маңызды рөл атқаратынын білген едік. Бұл жердегі ескеретін жайт вакцина қазіргі шараларды ауыстырмай, басқа шараларды толықтырады”

Аданом Гебрейесус

Оның айтуынша, вирус жұқтырған адаммен байланыста болғандарды тестілеуді, бақылауды, оқшаулауды және халықпен ақпараттық жұмысты жалғастыру қажет.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz