15.10 | Жээнбеков отставкасы, “Apple-дің құлдырауы”, YouTube-тың коронавирусқа байлынысты жобасы

Barclays Bank сарапшыларының есептеуінше, Apple акциясының бағасы 20 пайызға және iPhonе сатылымының орташа бағасы да төмендейді. Бұл туралы 9to5mac.com хабарлады.

Аналитиктердің болжауынша, Apple компаниясы Iphone 12 жинағынан EarPods құлаққаптарын алып тастаса да, 5G, OLED экранына кеткен шығынды ақтай алмайды. Салдарынан Apple біраз табысынан айырылуы мүмкін. Нарықта бұл компанияның экономикалық жағдайы тұрақты болса да, инвесторлар табыстың күрт азайып кетуіне алаңдап отыр.

Barclays болжауынша, сатып алушылар бағасы 1000-1300 доллар тұратын iPhone 12 Pro-ның орнына, бағасы 700-800 доллардан басталатын iPhone 12 мен iPhone 12 mini-ді сатып алады. Сонымен қатар, сарапшылардың пікірінше, 600 долларға дейін арзандаған iPhone 11-ді сатып алады. Cебебі 5G әлемнің барлық елдерінде орнатылмаған.

YouTube COVID-19 вакцинасы туралы жалған ақпаратпен күреседі

Google компаниясына тиесілі YouTube платформасы коронавирусқа қарсы вакцинация туралы жалған мәліметтері бар видеоны жоятынын хабарлады. Бұл туралы Guardian газеті компанияның ресми өкіліне сілтеп жариялады.

YouTube-тың ресми өкілінің айтуынша, компания COVID-19-ға қатысты жалған ақпаратпен күресіп жатыр.

Бәлкім, COVID-19-ға қарсы вакцина дайын болуына аз уақыт қалған шығар. Біз сондықтан коронавирус вакцинасына қатысты жалған ақпаратты өшіру саясатын ұстанып отырмыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сараптама қорытындысына сай келмейтін коронавирус вакцинасы туралы видеоны YouTube жояды.

YouTube-тің ресми өкілі

Бұған дейін Facebook желісі адамдарды вакцина салдырмауға шақыратын жарнамаға тыйым салатынын мәлімдеген еді.

Сооронбай Жээнбеков биліктен кетті

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков қызметінен кетті. Бұл туралы президенттің ресми сайтында хабарланды.

Құрметті менің отандастарым! Мен үшін Қырғызстандағы бейбітшілік, елдің тұтастығы, халқымыздың бірлігі және қоғамдағы тыныштық бәрінен жоғары. Мен үшін әрбір отандасымның өмірінен қымбат ештеңе жоқ. Мен билікті ұстап қалмаймын. Қырғызстан тарихында өз азаматтарының қанын төккен және оқ атқан президент ретінде қалғым келмейді. Сондықтан отставкаға кетуге шешім қабылдадым

Сооронбай Жээнбеков

Бұған дейін жаңа премьер-министр қызметіне тағайындалған Садыр Жапаров Жээнбековпен кездесіп, биліктен кетуді талап етті. Бірақ Сооронбай Жээнбеков бұл талапты орындауға бас тартқан еді.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz