13 шетелдік компания Ресейде өкілдігін ашуға міндеттелді

Роскомнадзор Ресейде офис ашуға міндеттелген 13 шетелдік интернет компаниялардың тізімін жариялады. Енді шетелдік компаниялар 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ресми өкілдігін ашуы тиіс. Бұл туралы ведомстваның ресми сайтында хабарланды.

Ресейде ресми өкілдігін ашуға міндеттелген шетелдік компаниялардың тізіміне: Google, Apple, Meta, Twitter, Tik Tok және Telegram енді. Сонымен қатар, Zoom, Likeme, Viber, Discord, Pinterest, Spotify және Twitch компаниясы бар.

Жаңа заңға сәйкес, күнделікті аудиториясы жарты миллионнан асатын шетелдік ресурстар Ресей Федерациясында филиалын ашып, Роскомнадзор сайтында тіркелуі керек.

Нормативтік актінің талаптарын орындамағандар үшін жарнама таратуға, төлемдерді қабылдауға тыйым салынады. Бұған қоса басқа да шектеу қойылатыны ескертілген.

Халықаралық интернет-компанияларға қатысты туралы заң Мемлекеттік Думаға былтыр мамырда енгізілген. Ресей президенті Владимир Путин бұл заңға 1 шілдеде қол қойды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz