13.10 | Facebook-тың холокост оқиғасына байланысты саясаты, Еуроодақтың алып компанияларға қатысты жаңа ережесі мен Алматыда болатын митинг

Facebook компаниясы 1940 жылғы оқиғаларға қатысты посттар үшін жаңа ереже жариялады. Енді холокостты жоққа шығаратын немесе ол туралы фактілерді бұрмалайтын кез-келген контент жойылады. Бұл туралы Facebook-тың ресми мәлімдемесінде айтылды.

Әлеуметтік желі басшылығы бұл шешімін әлемдегі антисемитизмнің көбеюі және “Холокост туралы хабардар болмау деңгейіне алаңдауына байланысты” деп түсіндірді. Жағдай әсіресе жастара арасында кеңінен таралғаны айтылған.

Facebook компаниясының хабарлауынша, 18-39 жас аралығындағы америкалықтар арасында сауалнама жүргізілген. Олардың төрттен бір бөлігі Холокосттың ойдан шығарылғанына және оқиғаға байланысты жайттар асыра айтылғанына сенімді.

Facebook компаниясының негізін қалаушы Марк Цукербергтің айтуынша, компания антисемитизмнің өсуіне байланысты саясатын өзгертеді. Сонымен қатар, холокостты жоққа шығаратын контентке тыйым салынады.

Facebook алгоритмі холокост туралы ақпарат іздейтін пайдаланушыларды “сенімді дереккөздердің” сайтына бағыттайды.

FT: Еуроодақ әлемдегі ең ірі технологиялық компанияларға қойылатын талаптарды күшейтеді

Еуропалық реттеушілер 20-ға жуық ірі жоғары технологиялық компанияларға, соның ішінде Facebook және Apple секілді алып компанияларға қатысты жаңа ереже дайындап жатыр. Бұл туралы Financial Times (FT) аты аталмаған ақпарат көздеріне сілтеп хабарлады.

Еуроодақ нарықтағы кішігірім технологиялық компаниялардың бәсекелестігін арттырып, ынталандыру үшін осы тізімдегі компанияларға «қатаң» ережелерді қолданады.

Еуроодақ жоспары бойынша, ірі компаниялар “бәсекелестермен деректерді” және “ақпаратты қалай жинайтынын” бөлісуді міндеттеуі мүмкін. Тізім кірістердің нарықтық үлесін, пайдаланушылар санын және т.б. талаптарға сәйкес жасалады.

FT дереккөздерінің хабарлауынша, бұл ереже алып компаниялардың үстемдігін арттырмауға және бәсекелестікті арттыруға негізделген.

Алматы әкімдігі митинг өткізуге рұқсат берді

Liberty қорының президенті, құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуов және “Ар.Рух.Хақ” қоғамдық қорының жетекшісі, құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина 31 қазанда митинг өткізеді. Алматы әкімдігі саяси реформаларды талап ететін митингке рұқсат берді.

Саяси реформаларды талап ететін демонстрация 31 қазанда сағат 12.00-де Шоқан Уәлиханов атындағы скверде өтеді. Талаптарды 15:00-ге айтуға болады.

13.10 | Facebook-тың холокост оқиғасына байланысты саясаты, Еуроодақтың алып компанияларға қатысты жаңа ережесі мен Алматыда болатын митинг
Көрнекі сурет. Фото: Vlast.kz

Азаттықтың мәліметінше, бұған дейін екі құқық қорғаушы “саяси реформа жүргізу және саяси себеппен қудалауды тоқтату” тақырыбында митинг өткізгісі келетінін мәлімдеп, жергілікті атқару органына бірнеше рет өтініш түсірген. Әкімдік олардың екі өтінішін қанағаттандырмай, үшінші өтінішін мақұлдап отыр. Митинг 500 адамға арналған.

Соңғы рет әкімдік елде қызметіне тыйым салынған “Көше” мен “Қазақстанның демократиялық таңдауы” ұйым белсенділерінің митингіге қатысуы мүмкін екенін айтып, құқық қорғаушылардың өтініштерін қанағаттандырмаған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz