12.10 | Қытайдағы “интернет бостандығы” мен “сексуальный пияз”

Қытайлық Tuber браузері әлеуметтік желіге кіруге мүмкіндік беретін жаңа функцияны іске қосты. Бұған дейін бұл елде Instagram, YouTube, Twitter, Google, Facebook платформаларына тыйым салынған еді.

Қызмет осы аптадан бастап Tuber браузері орнатылған Android негізіндегі телефондардың қолданушылары үшін қолжетімді. Ал қазіргі уақытта iOS-қа әзірленіп жатыр. Tuber қосымшасы арқылы YouTube және т.б. батыстың платформаларын қолдануға болады.

12.10 | Қытайдағы "интернет бостандығы" мен "сексуальный пияз"
Tuber браузері. Сурет: techcrunch.com

Журналистер Қытай интернеті толықтай ашық болғанын мәлімдегенімен, платформада әлі де цензура бар екені байқалады. Мысалы, Tuber арқылы Youtube қосымшасын қолдансаңыз негізгі саяси лидерлер мен саяси оқиғаларға байланысты контентті таба алмайсыз. Екі күнде Tuber-ді 5 миллионға жуық адам жүктеген.

Facebook VS “сексуальный пияз”

Facebook канадалық фермерлік компаниясының пиязға байланысты жарнамасын бұғаттап, оны “тым сексуалды” деп белгіледі. Бұл туралы CBS телеарнасы хабарлады.

Жарнамада пияз сортының сипаттамасы және оның сапасы көрсетілген.

Пост жарияланғаннан кейін бірнеше минут өтпестен аккаунт иесіне Facebook-тан “шамадан тыс жыныстық қатынасқа” байланысты сурет алынып тасталғаны туралы хабарлама келген.

Кейінірек әлеуметтік желі әкімшілігі бұғаттау себебі “жыныстық мазмұн үшін қабылдаған автоматтандырылған алгоритм” екенін түсіндірді. Бірнеше сағаттан кейін жазба қайта жарияланды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz