12.01 | «Еркіндік қанатының» сайлауға қатысты мәлімдемесі, Дуровтың Apple жайлы ескертуі, туиттер 70 мыңға жуық аккаунтты бұғаттады

«Еркіндік Қанаты» қоры мәжіліс сайлауын тарихтағы «ең қиын және әділетсіз өткен сайлау» екенін хабарлады

«Еркіндік Қанаты» қорының атқарушы директоры Елена Швецова мәжіліс сайлауы Қазақстан тарихындағы «ең қиын және әділетсіз» болды деп мәлімдеді. Бұл туралы Vlast.kz сайты хабарлады.

«Сайлауға бір апта қалғанда Қазақстанның 15 өңірінен бақылаушылар саны 302 адамды құрады, алайда сайлау күні олардың саны 196-дан 141-ге дейін қысқарды. Бақылаушылар санының күрт төмендеуіне CОVID-19 пандемиясы және инфекция жұғу қауіпі секілді бірнеше себептері болды. Дегенмен, азаматтардың бақылаудан бас тартуының басты себебі — Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының, қалалар мен облыстағы жергілікті басқару органдарының саясаты болды деп есептейміз»

Швецованың айтуынша, 2021 жылдың 10 қаңтарында “Қазақстан тарихындағы ең ауыр және әділетсіз сайлау өтті”.

Дуров Apple-дің қауіпті екенін ескертіп, Android жүйесіне ауысуға кеңес берді

Телеграм негізін қалаушы Павел Дуров iOS операциялық жүйесінен Android жүйесіне ауысуға кеңес берді. Сонымен бірге, Apple қолданушылардың еркіндігін шектеуі мүмкін екенін ескертті. Дуров бұл туралы телеграмдағы блогында жазды.

“Apple және Google Twitter-ге қарағанда бостандығыңызға үлкен проблема тудырады. Apple — бұл екеуінің ішіндегі ең қауіптісі. Себебі сіз қолданатын қосымшаларды толығымен шектей алады. “, – деді Дуров.

Дуровтың айтуынша, Android apk файлдар арқылы өз қосымшаларыңызды орнатуға мүмкіндік береді.

9 қаңтарда Apple компаниясы Parler бағдарламасын қосымша дүкенінен уақытша алып тастаған. CNN бұл сервистің 2018 жылы басқа әлеуметтік желілерге балама ретінде іске қосылғанын атап өткен еді.

Туиттер 70 мыңға жуық аккаунтты бұғаттады

Туиттер QAnon қастандық қозғалысына арналған 70 мыңнан астам аккаунтты бұғаттады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Компания “бұл аккаунттардың зиянды контентті таратуға қатысы бар” деп түсіндірді. Сонымен бірге, АҚШ жаңа президентінің инаугурациясы қарсаңында барлық жұмыстың ашық болуын қамтамасыз ету маңызды екенін айтты.

Корпорация өкілдерінің айтуынша, QAnon жақтаушылары әлеуметтік желілерде қастандық теорияларын, соның ішінде “Трамп баламен жыныстық эксплуатация жасайтын халықаралық желісімен жасырын түрде күресіп жатыр” деген негізсіз пікірді алға тартады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz