1000-ға жуық адам Telegram-дағы видеоқоңырауға қатыса алады

Telegram желісінің жаңа нұсқасында 1000-ға жуық пайдаланушы топтық видеоқоңырауға қатыса алады. Осылайша компания платформаны бұқаралық іс-шарадан эфирге шығу үшін қолдануға болатынын хабарлады.

Видеоконференция кезінде 30-ға жуық адам экранын немесе видеоны бір уақытта көрсете алады. Сонымен қатар, желінің жаңа нұсқасында 1000-ға жуық көрерменге қатысуға болады.

Бұған қоса Telegram видеоқоңырау кезінде видео сапасы жақсарғанын хабарлады.

Енгізілген жаңартуға сай Telegram арқылы дәріс, концерт және басқа да бұқаралық іс-шаралардың трансляциясын көруге болады. Желі әкімшілігі жақын арада көрермен санына шектеу болмайтынын хабарлады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz