02.11 | Коронавирусты бірнеше секундта анықтайтын тест, ДДСҰ басшысының оқшаулануы және Қарағанды облысындағы блокпост

Ұлыбританияда Covid-19-ды бірнеше секундта анықтайтын тестті әзірледі

Коронавирусты анықтайтын жаңа тест инфекцияны бірнеше сағатта емес, бірнеше секундта анықтаудың әдісі бар екенін дәлелдеді. Коронавирусты жаңа тестпен анықтауға бірнеше минут кетуі мүмкін. Бұл туралы BBC хабарлады.

02.11 | Коронавирусты бірнеше секундта анықтайтын тест, ДДСҰ басшысының оқшаулануы және Қарағанды облысындағы блокпост
Сурет:PA MEDIA

Уэльсте әзірленген аппарат COVID-19-ды басқа тыныс алу жолдарының инфекциясынан ажыра алады. Шотландия мен Германияда өткен жаңа тест нәтижесі Lancet медицина журналында жарияланды.

Жаңа тестті әзірлеген Imspex Diagnostics-тің мәліметінше, қаржы табылған жағдайда сынақ құрылғысы алты айда пайдалануға беріледі.

Компанияның негізін қалаушы және басшысы Санти Домингестің айтуынша, бұл тест аппаратын тек ауруханада емес, авиацияда, көлікте, мигранттармен жұмыс жасағанда қолдануға болады.

ДДСҰ басшысы оқшауланды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирус жұқтырған адаммен байланысқаннан кейін оқшауланғанын айтты. Бұл туралы ұйым басшысы туиттердегі парақшасында жазды.

ДДСҰ бас директорының айтуынша, коронавирус симптомдары байқалмайды, бірақ ДДСҰ хаттамаларына сай алдағы уақытта үйінен жұмыс істейді.

«Вирус таралуына қарсы күресу үшін бәріміз ДДСҰ ұсыныстарын сақтауымыз керек», – деді Гебрейесус.

Қарағанды облысында блокпост қойылады

4 қарашадан бастап Қарағанды облысының сыртқы шекараларында санитарлық бекеттер қойылады. Аймаққа коронавирус анықталмағаны туралы ПТР-тестінің теріс нәтижесіз кіруге тыйым салынады. Мұндай қаулыға облыстың бас санитарлық дәрігері қол қойды.

02.11 | Коронавирусты бірнеше секундта анықтайтын тест, ДДСҰ басшысының оқшаулануы және Қарағанды облысындағы блокпост

Елде коронавирус жұқтырғандардың көбеюіне байланысты келесі бағыттар бойынша санитарлық бекеттер орнатылады:

  1. Қызылорда – Павлодар а/ж (Молодежный к. маңында).
  2. Павлодар – Баянауыл – Бұқар жырау – Қарағанды а/ж (Үміткер кенті маңында);
  3. Қарағанды – Аягөз – Бұғаз автожолының 271-ші шақырымы Семей қаласы бағытында (Кентөбе кенті маңында).

Санитарлық бекеттерде полиция қызметкерлері мен дәрігерлер кезекшілік етеді. Олар жүргізушілер мен жолаушылардың денсаулық жағдайын тексереді. Бақылау барысында термометрия мен сауалнама жүргізіледі.

Сонымен бірге, осы бекеттер арқылы жүріп-тұруға рұқсат беру үшін propusk.kz порталын іске қосу жоспарланып отыр.

Бұған дейін 1 қарашадан бастап Шығыс Қазақстан облысында блокпост қойылған еді.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz