«‎Ит екен деп қағып кеттік»‎: құбыжық туралы видео қайдан шықты?

Соңғы күндері мессенжерлерде белгісіз құбыжық бейнеленген видео тарап жатыр. Материалдың сыртында ер адам қазақшалап, белгісіз тіршілік иесін итпен шатастырып, көлікпен қағып кеткенін айтады. Оқырмандардың сұрауы бойынша Factcheck.kz видеоның қайдан шыққанын анықтап көруге тырысты.

Ел арасында тараған видео

Үкім: Фейк

Табылған деректерге сай, видеодағы құбыжық фильм үшін дайындалған мүсін (манекен), ал материалдың өзі 1 сәуірге қалжың ретінде түсірілген болуы ықтимал. Видео әр елде түрлі сипаттамамен, маусымның басынан белсенді түрде тарап жатыр.

Әр түрлі іздеу жүйелерінен табылған деректерге сай, видео әлеуметтік желі арқылы тарай бастағанына көп болмаған: негізінен маусымның басында жарияланған (мында және мында). Одан да терең қаза түссек, Youtube-тегі Cloud Wolf арнасының жариялаған видеоға кезігеміз: материал 2 сәуірде шыққан, ал астына португал тілінде мынадай мәтін жазылған:

1 сәуір, 2021 жыл. Бүгін кешкісін үрей билеген былғары зауыты жақтан қасқырдың (орысша-оборотень) жүзін көрсеткені сәтсіз аяқталды. Оны аулауға қатысқан адамдардың бірі: ”Мен енді қасқырдың терісін көрдім” деді.

Видеоның астындағы сипаттама

Фейк ақпарат Парагвай, Чили, Аргентина және Таяу Шығыс елдерінде көбірек тараған.

Ал құбыжық бейнесі қайдан шықты?

Медиада тараған ақпаратқа сай, ол америкалық суретші Жозеф-Роб Кобаскидің 2020 жылдың қазанында АҚШ-та жасаған мүсіні.

Возможно, это изображение (1 человек и животное)
Автор өзі жасаған мүсіннің жанында тұр.
Дереккөз: Жозеф-Роб Кобаскидің Facebook парақшасынан.

Жозеф-Роб Кобаскидің басқа да жұмыстарымен оның Instagram және Facebook парақшаларында танысуға болады.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz