Жартылай шындық | Бюджеттен артылған ақша депутаттар мен күштік құрылымдардың жалақысына жұмсалады

17 қазан күні ҚР Үкіметінің 2017-2019 жылдарға арналған бюджетін талқылау кезінде Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов былай деді:

…Қарулы күштердегі әскери қызметкерлердің, ішкі істер органдарының қызметкерлері мен депутаттардың қызметтік жалақысын көтеруге 33,1 млрд теңге қарастырылған.

Министрдің бұл сөзі бұқаралық ақпарат құралдарында жылдам тарады және қазақстандықтардың ашу-ызасын тудырды. Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылдың наурыз айында Парламент депутаттарының жалақысы айтарлықтай өскен болатын (30-дан 50%-ға дейін), сомасы айына 600 мың теңгеден басталады.

Үкім: Жартылай шындық

Тек күштік құрылымдарда істейтіндердің ғана жалақысы көтеріледі. Депутаттардың жалақысын айтарлықтай көтеру жоспарда жоқ.

Талқылаудан кейін және бірқатар ақпарат құралдарындағы жарияланымдардан соң қаржы министрі түсініспеушілік тууына күштік құрылымдар мен депутаттар туралы ақпараттың бір блокта айтылғаны себеп болғанын түсіндірді. Жалпы соманың, яғни 33,1 миллиард теңгенің 32,5 миллиарды (98%) әскерилер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге жұмсалады. Жалақыны көтеру 2017 жылдың 1 шілдесіне жоспарланған. Күштік құрылым қызметкерлері бюджет заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін қазіргі жалақысынан 25% артық алатын болады.
Сұлтанов мырза депутаттардың жалақысын тағы да көтеру туралы әңгіме болмағанын айтты. Министрдің айтуынша, қалған сомаға «парламентарийлердің айлық жалақысын басқа категориядағы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысымен теңестіру жоспарланған».

Әңгіме министрліктер мен ведомстволардағы жоғары лауазымды шенеуніктер туралы болуы мүмкін, ол жөнінде 2017 жылдың сәуір айында бірқатар ресми тұлғалар да айтқан болатын, олардың арасында Владимир Божко да бар.

Ал бюджеттен артылатын ақшаға келсек, қаржы министрі 104 миллиард теңге (шамамен) көлеміндегі игерілмеген бюджет қаржысын көлік инфрақұрылымы мен жылу энергетикасын дамытуға, аймақтардың даму бағдарламасына және мемлекеттік агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасына жұмсауды ұсынды.

Журналист, редактор. Филолог-славист. Соавтор и составитель ряда работ по журналистике и языку вражды. Работал журналистом и редактором в различных научно-популярных, развлекательных и общественно-политических изданиях Казахстана. Главный редактор проекта «Фактчек в Казахстане» с 2017 по 2022 год. Медиатренер, создатель образовательного проекта Factcheck.Academy

Factcheck.kz