ЖАЛҒАН | Қазақстан халқының саны 18 миллионнан асты

Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен интернет сайттарда Қазақстан халқының саны 18 миллионға жеткені туралы ақпарат тарады. Кейбір басылымдар, тіпті, 18 миллионнан асырып та жіберді. Алайда, ресми статистика мұны жоққа шығарады.  

Үкім: Жалған

nationalgeographic.kz
Скриншот nationalgeographic.kz сайтынан

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің 2017 жылғы 1 сәуір күні шығарған ресми мәліметінде халық саны 17 975,8 млн деп көрсетілген. Яғни, 18 миллионға жету үшін әлі 24 200 адам жетпейді.

stat.gov.kz_
Скриншот stat.gov.kz сайтынан

Қазақстан халқы соңғы 7 жылда 1 млн 772 мың адамға өскен. Статистика комитетінің ресми мәліметіне сүйенсек, әр жыл сайын шамамен 220-230 мың адам дүниеге келеді. Егер 230 мыңды 12 айға бөлсек, шамамен 19 мыңнан асады. Яғни, 24 200 адам дүниеге келу үшін бір айдан астам уақыт қажет.

ЖАЛҒАН | Қазақстан халқының саны 18 миллионнан асты
ҚР соңғы 7 жылдағы демографиялық көрсеткіштері

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz