Вайнерлер экстремизм мен терроризмге қарсы күреспек | Мемлекеттік сатып алу хабаршысы

Алматы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасы 21 тамызға дейін экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет ретінде контент жасау байқауына өтініштер қабылдаған. Байқаудың атауынан атқарушы мекеме вайнерлерге ақпараттық өнім жасап шығару үшін ұсыныс тастамақ ойы барын байқадық.

Вайнерлер экстремизм мен терроризмге қарсы күреспек | Мемлекеттік сатып алу хабаршысы

Сатып алуға бөлінген қаражат – 8,9 млн теңге. Вайнерлермен бірлесіп ақпараттық материалдарды дайындап, шығарудағы мақсат – ақпараттық кеңістіктегі діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру.

Қазір өтінішдер қабылданған және қарастырылып жатыр. Вайнерлер кемінде 12 видеоролик дайындауы керек: 6 қазақ тілінде, 6 орыс тілінде, ұзақтығы 1 минут. Жеткізуші вайнерлердің инстаграм парақшасында кемінде 800 000 жазылушы бар екенін дәлелдейтін құжатты ұсынуы қажет.

Біз қазақстандық вайнерлердің ішінде бұл сатып алудың талаптарына кім сәйкес келетінін және тендерді ұтып алған адам қандай пайда көретінін тексеріп көрмек болдық. Талаптар мен нәтижені төменнен оқыңыз.

Вайндарға қойылатын талап

Әкімдіктің талабы бойынша жасалатын өнім мынадай болуы керек:

  • Тұрғындарды радикалды ағымдардың қауіптілігінен хабардар ету;
  • Тұрғындарда деструктивті идеяларға иммунитет қалыптастыру;
  • Қоғамда деструктивті ағымдарды дәстүрлі діннен ажырата алатын қабілетті дамыту.

Видеоөнім комедиялық жанрда, жоғары көркемөнер дәрежесінде тапсырыс берушімен келісе отырып үлкен шексіз аудиторияға бағытталуы керек.

Контентті тарату: Әлеуметтік желілер мен отандық телеарналар

Вайндар вайнерлердің инстаграм-парақшаларында жариялануы керек, жеткізуші барлық видеороликтерді Facebook пен Вконтакте желілеріндегі әрқайсысында кемінде 200 000 жазылушысы бар топтарда және отандық телеарналарда демалыс күндері 12.00 мен 1.00 аралығында кемінде 2 рет көрсетілуі қажет.

Кадрлар

Түсіру тобы кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі (БЖЗҚ анықтама болуы міндетті) және дипломы бар мамандардан құралуы керек. Қызметкерлердің жалпы саны:

  • 1 қоюшы режиссер
  • 1 дыбыс режиссері
  • 2 редактор
  • 3 оператор
  • 2 журналист
  • 1 компьютерлік графика маманы
  • 1 дінтанушы
  • 2 исламтанушы

Егер вайнды сатып алуға бөлінген сомманы түсірілім тобының әр мүшесіне бөлетін болсақ әрқайсысына 686,813 теңге шығады. Дамыту мен желілерге енгізу шығынын ескерсек, шынын айтқанда көп емес.

Бұрынырақ айтқанымыздай, қазір өтініштер қаралып жатыр. Егер сатып алу келісімшарты болмаса тапсырыс берушінің тендерді қайта өткізуге немесе арнайы шақырылған жеткізушімен келісім-шарт жасауға мүмкіндігі бар. Іске асыру мерзімі: келісім шарт жасасқан күннен бастап 2019 жылдың 15 желтоқсанына дейін.

Байқау талаптарына сәйкес келетін қазақстандық вайнерлер

@sekavines 4 млн жазылушы
@yuframe 3,4 млн жазылушы
@zheka_fatbelly 1,8 млн жазылушы
@territima 1,9 млн жазылушы
@jokeasses 1,1 млн жазылушы
@bayzakova_i 1,2 млн жазылушы
@batyroff 1 млн жазылушы
@eldana_foureyes 0,9 млн жазылушы
@xaxa_show 0,7 млн жазылушы

Вконтактедегі топтар

One Million True Stories 1,3 млн жазылушы
ZTB | За тебя Баке 1 млн жазылушы
ÓMIRLIK MÁNI BAR 0,9 млн жазылушы
Nur.kz 0,4 млн жазылушы
Типичная Алмата 0,3 млн жазылушы
Қазақстандық сегментте facebook-та 200 мың жазылушысы бар ашық топтар жоқ.

Update

Байқауға қатысуға 2 ұйым өтініш білдірді: «Im-Tech» ЖШС (Нұр-Сұлтан қаласы) және IMG ЖШС (Алматы қаласы). Жеңімпаз әлі анықталған жоқ.

Журналист Factcheck.kz

Factcheck.kz