Әлеуметтік желілерде «халық көтерілді», «за Шерзата» деген әртүрлі видеолар тарап (1, 2, 3; архивтелген нұсқасы: 1, 2, 3). Бұл видеолар шынымен Қазақстанда түсірілген бе? Factcheck.kz редакциясы тексеріп көрді.
Үкім: Фейк
Желіде тараған видеолардың Талғардағы оқиғаға қатысы жоқ. Олар желіде оған дейін, бұрынырақ тарай бастаған.
Бейнелерді кезегімен талдайық. Алғашқы видеода көлік пен көптеген адамды көреміз.
Видео Instagram желісіне алғаш рет 2023 жылдың қаңтарында жарияланып, автор жазбаға «Көкпар» деген пікір жазған. Сондай-ақ, бейненің астынан өзбек тіліндегі пікірлерді байқауға болады. 2024 жылы видео бірнеше Өзбекстандық парақша жарияланды (1, 2, 3). Видеоға мұқият мән берсек, жылқы мінген адамдарды көреміз.
Екінші видеода қай уақыт түсірілді?
TikTok желісінде де осы мәтінге ұқсас жалған видеолар тарап жатыр (1, 2). Бейнелерді тексере келе, Factcheck.kz Талғардағы оқиғаға қатысы жоқ екенін анықтады. 2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде түсірілген видеоларға «Шерзат үшін митинг» мәтіні қойылған.
Толығырақ
Талғарда кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты 11 желтоқсан күні 15 күнге әкімшілік қамауға алды. Ал әпкесі Бақыт Реймова елден шығарылатын болды. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаменті хабарлаған еді. Бұл жағдай Қаржаубайдың інісі Нұрқанат Ғайыпов қаза болғаннан кейін басталды. Осы оқиғадан соң, желіде «Шерзат үшін халық көтеріліп жатыр» деген мәтінмен ақпараттар тарай бастаған.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.