Өзбекстан COVID-19 тіркелмеген туристік елдер тізіміне қалай енді?

4 наурызда Өзбекстан Республикасының Туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитеті британдық The Telegraph басылымына сілтеме жасай отырып, Өзбекстанда «COVID-19» тіркелмегендіктен туристер үшін тартымды елдер тізіміне енгені туралы жаңалық жариялады. Factcheck.kz мұндай материалдың шынымен The Telegraph-та жарияланғанын және Өзбекстанның Туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитеті мен осы ақпаратты бөліскен жаңалық сайттарының неден қателескенін тексеріп көрді.

Үкім: Манипуляция және шындық

Бұл жаңалық — үш түрлі уақытта (екі апта айырмашылығымен) жарияланған үш мақаладан алынған мәліметтер жиынтығы.

Алайда, Өзбекстан The Telegraph-тың мақаласында туристерге баруға кеңес беретін короновирус жұқтырмаған елдер тізіміне кірді. Бірақ, хронологиясы қалай болғанын төменде түсіндіре кетейік.

Өзбекстанның Туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитеті жаңалықты қалай жариялады?

Танымал британдық The Telegraph газеті Өзбекстанды коронавируссыз және баруға кеңес берілетін 19 елдің тізіміне қосты. Telegraph travel авторы Сара Уилердің айтуынша, “(Өзбекстан -ред.) мұндай керемет сұлулыққа ие және Испанияның жер көлеміндей ел. Қазіргі Өзбекстанда Ұлы Жібек жолының үш қаласы (Бұхара, Хива және Самарканд), сондай-ақ Тянь-Шань тау жотасы орналасқан.

Манипуляция қалай табылды?

19 ақпанда Сара Уилердің Өзбекстан туралы мақаласы расымен Telegraph сайтында жарияланды. Бұл Өзбекстан жайлы жазылған бөлек мақала болды. 5 наурызда Telegraph COVID-19 тіркелмеген және баруға кеңес беретін елдер туралы мақала жариялады.

Өзбекстан COVID-19 тіркелмеген туристік елдер тізіміне қалай енді?
5 наурызда Тelegraph сайтында жарияланған мақаладағы карта бейнесі

Бұл материалда Өзбекстан туралы ешнәрсе жазылмаған, тек жасыл түспен картадан белгіленген. Одан бөлек, Қазақстан мен Қырғызстанның белгіленгенін де байқауға болады.

5 наурыз күні жарияланған материалда толықтай мына елдер жайлы жазылған: Түркия, Мальта, Ибица аралы, Шпицберген аралы, Мальдив, Зимбабве, Мадагаскар, Эфиопия.

Шындық қайда?

Ештен кеш жақсы. 4 наурыз күні Өзбекстан Республикасының Туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитеті Тelegraph-қа сілтеп, жаңалықты жариялағаннан кейін, 9 наурыз күні Тelegraph сайтында басқа материал жарияланды. Материал баруға кеңес берілетін короновирус тіркелмеген 15 әдемі ел жайлы болды. Одан бөлек, Өзбекстан жайлы бірнеше сөйлеммен жазылды.

Ескеретін жайт, 9 наурыз күні (Баруға кеңес берілетін короновирус тіркелмеген 15 әдемі елдер) жарияланған Тelegraph материалында 19 ақпан күні жарияланған (Өзбекстан жайлы жазылған) материалдан үзінді қосқан.

Өзбекстанның туризм бойынша мемлекеттік комитеті дереккөзден бұрын бұл ақпаратты қайдан білді деген сұрақ туындайды? Жауабы айтпаса да белгілі сияқты….

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz