“Қаржы нарығы: дұрыс ақпарат таратамыз” вебинары

5 тамызда Қазақастанның қор биржасы (KASE) Fingramota.kz қаржылық сауатты арттыру жобасы, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен (ҚНРДА) бірлесе отырып, Factcheck.kz сайты және MediaNet ХЖО жанындағы Медиамектептің серіктестігімен БАҚ өкілдеріне арналған вебинар өткізеді.

Вебинарда не айтылады?
– Қазақстанның қор нарығы қалай жұмыс істейді?
– Мемлекеттің қаржы нарығын реттеуі қалай жұмыс істейді (құқықтық ерекшеліктер)?
– Биржадағы сандар мен терминдерді қалай түсінеміз?
– Қазақстанның қаржылық реттеушісі қаржы сауаттылығына қатысты қандай жобаларды жүзеге асырып отыр?
– KASE және ҚНРДА сайтындағы деректерді қалай қолдануға болады?

Шара БАҚ өкілдерінің қаржылық сауатын арттыруға бағытталған. Әрине, журналистердің қаржылық сауаты жоғары болса, оқырмандар да сауатты, манипуляциясыз, обьективті ақпарат алады.

Вебинар 5 тамыз күні сағат 14:00-15:30 аралығында Zoom платформасы арқылы өтеді.

Қатысу тегін, бірақ, алдын ала тіркелу керек.

Тіркелу үшін [email protected] электронды поштасына немесе +7 (727) 237 53 42 или + 7 (771) 486 02 77 телефондарына хабарласыңыз.

Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы

Factcheck.kz