Қазақстан орташа табыс бойынша әлемде 71-орында ма?

Кейінгі бірнеше күнде Қазақстандағы орташа табыс жөніндегі әлемдік рейтиңдегі орнын талқылап жатыр. Сайттардың жазуынша, еліміз орташа табыс бойынша 162 мемлекеттің ішінен 71-орында (1,2,3). Ақпарат қаншалықты рас, Factcheck.kz тексеріп көрді.

Күніне 10 доллар: Қазақстан орташа табыс бойынша 162 елдің ішінен 71-орында.

Интернет кеңістіктегі ақпарат

Үкім: Манипуляция

Дүниежүзілік банк орташа табыс бойынша бірнеше индикатордан тұратын статистика жүргізеді. Оның ішінде кедейлік деңгейі, ЖІӨ өсімі, жұмыссыздық және т.б. Ал БҰҰ ЕЭК болса 56 мемлекеттің арасында орташа табыс бойынша статистика жүргізеді. Ең кейігі 2022 жылғы дерек бойынша, Қазақстандағы орташа жалақы 673,4 АҚШ доллар болған, бұл дегеніміз күніне 22,4 долларды құрайды. Естеріңізге салайық, қандай да бір ресми дүниежүзілік ұйымдар түрлі индикатор бойынша статистика жариялағанда рейтиң форматын пайдаланбайды.

Көптеген сайттар сілтеген бұл рейтиңде 162 мемлекет бар. Сондай-ақ, орташа табыстың бір тәулікке шаққандағы мөлшерін есептеген және сол бойынша елдердің рейтиңін жасаған. Дереккөз ретінде Ourworldindata-ның деректерін көрсетеді. Ал Ourworldindata ақпаратты ешқандай рейтиңсіз алфавит бойынша әрі инфограциякамен берген. Оның үстіне әлем елдерінің деректері әртүрлі жылда берілген. Мысалы Қазақстан бойынша 2021 жылғы ақпарат көрсетілген.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz