WhatsApp мессенжерінде 18 адамның өліміне себеп болған «Цефтриаксон» препараты Алматыдағы дәріханаларға жіберілді» деген хабарлама тарады. Хабарламаға пандемия кезінде Алматыда жалған дәрі-дәрмек шығарумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шығарылғаны туралы бейнеролик қоса берілген.

Оқырмандардың сұрауы бойынша Factcheck.kz редакциясы аталған хабарламаның рас, өтірігін тексерді.
Үкім: Фейк
Жай фейк емес, зомби-фейк – бұл арат-тұра желіде пайда болып тұратын тексерілген жалған вирустық хабарлама. Хабарлама алғаш рет 2023 жылғы қаңтарда тараған және оны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды. 2023 жылғы қыркүйекте хабарлама қайтадан редакция назарына түсті. Мәтінге қоса берілген бейнеролик алғаш рет ZTB интернет-ресурсында 2021 жылғы 17 қарашада жарияланған. Бұл шынымен де пандемия кезінде жалған дәрі-дәрмек сататын астыртын шеберхана ұйымдастырған ұйымдасқан қылмыстық топ туралы айтады, бірақ ол жерде Цефтриаксон және 18 адам өлімі туралы бірде-бір сөз жоқ.
Цефтриаксон – операциядан кейінгі кезеңде бірқатар инфекцияны емдеу және алдын алу үшін қолданылатын кең спектрлі цефалоспиринді үшінші ұрпақтың танымал антибиотигі.
Препарат дәріханалардан, әдетте дәрігердің рецепті бойынша сатылады. Сондықтан «дәрі Алматының дәріханаларына түсті» деген мәлімдеме қисынсыз және Цефтриаксонның не екенін білмейтін адамдарға бағытталған болуы мүмкін. Екінші жағынан, бейнеролик қолданушыны бұл жалған Цефтриаксон екеніне сендіруге арналған болуы мүмкін. Бірақ ресми дереккөзде мұндай оқиға туралы ескерту жоқ.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылғы 16 қаңтарда хабарлама мессенжерлерде тарай бастаған кезде жоққа шығарған, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне Цефтриаксонға өлімге әкелген жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар түспегенін мәлімдеді.
Анықтама: Цефтриаксонның кез келген басқа препарат сияқты қолдануға қарсы көрсеткіштері бар. Мысалы, антибиотиктің өзіне және басқа цефалоспориндерге, пенициллиндерге, карбапенемдерге жоғары сезімталдық, сондай-ақ жанама әсерлер. Олар туралы толығырақ мына жерден оқуға болады.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.