Фактчекинг бойынша қазақ тіліндегі тұңғыш оқу құралы жарық көрді

MediaNet Халықаралық журналистика орталығы мен Factcheck.kz Сорос-Қазақстан қорының қолдаумымен фактчекинг бойынша қазақ тіліндегі тұңғыш оқу құралын жарыққа шығарды. 

Украиндық фактчекер Александр Гороховскийдің “Фактчекинг журналистика зерттеуінің тренді: мүмкіндігі мен болашағы” деп аталатын оқу құралы енді қазақ және орыс тілді оқырмандарға қолжетімді.

Фактчекинг журналистика зерттеуінің-...

Оқулықтарды Factcheck.kz редакциясынан немесе сілтеме арқылы электронды нұсқасын алуға болады. 

Фактчекинг бойынша қазақ тіліндегі тұңғыш оқу құралы жарық көрдіАлександр Гороховский – Factcheck.com.ua. жобасының бас редакторы. Автор еңбегінде фактчекинг әдістері мен құралдары жайында баяндайды. Фактчекинг жанр ретінде қазіргі әлемдік медиа ортада дезинформацияға жол бермеу мақсатында қолданылатын негізгі құрал. Ол пост-шындық, жалған ақпарат және насихаттан сақтанудың ерекше бір жолы іспеттес.
Сонымен қатар, фактчекинг сөз бостандығының негізгі қағидаларын сақтауға мүмкіндік береді. Фактчекинг жарияланған фактілер, фото мен видеоның рас-өтірігін анықтайды. Сонымен қатар, саясаткер, шенеунік және қоғам қайтаркерлерінің ел алдында айтқан сөздері мен мәлімдемелерінің шындыққа қаншалықты жанасатынын тексереді, аңыздар, стереотиптер мен жалған ақпаратты әшкерелейді.
Factcheck.kz