ДДСҰ СOVID-19 вакцинасының зиян екенін мойындады ма?

2023 жылғы 23 мамырда желіде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) «пандемия аяқталған соң коронавирусқа қарсы вакцинаны зиян деп таныды» деген ақпарат тарады.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ковид вакцинациясы бойынша ұсыныстарды өзгертті. Балаларға екпе салудың қажеті жоқ, үш реттен артық екпе алу да керек емес, жалпы, екпе бәріне емес, тек қауіп-қатер тобына кіретіндерге ғана жасалады», — деп жазылған хабарламада.

Кілт сөздер бойынша іздеу ақпаратты алғаш болып informing.ru сайты 23 мамыр кешкі 20:29 кезінде жариялағанын көрсетті. Бір жарым сағаттан соң қосымша деректері бар сондай ақпаратты «Новые известия» сайты жариялаған. Ақырында, «Новые известия» сайтындағы материалды басқа да жаңалық ресурстары көшіріп басқан (1, 2, 3, 4, 5).

Хабарлама әлеуметтік желілерде де, Instagram желісіндегі қазақстандық пабликтерде де тарады. Мысалын төменнен қараңыз.

ДДСҰ СOVID-19 вакцинасының зиян екенін мойындады ма?

Оқырмандардың сұрауымен Factcheck.kz редакциясы ақпаратты тексеріп көрді.

Үкім: Жалған

ДДСҰ вакцинаны зиян деп танымаған. Ал COVID-19 вакцинасы бойынша ұсыныстар қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты өзгертілген. Қазір инфекция жұқтыруға, вакцина салуға не екеуіне де байланысты халықтың көбінде иммунитет қалыптасқан. Біз тексерген хабарламаларда сол өзгерістердің мәні дұрыс түсіндірілмеген.

ДДСҰ вакцинаның қауіпсіз екенін айтады.

Сонымен қатар пандемияның аяқталмағанын да атап өту керек. Бұл туралы біз 6 мамыр күнгі материалда толығырақ жаздық. ДДСҰ COVID-19 ендігәрі қоғамдық саладағы халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай емес екенін жариялаған.

Бір қызығы, жалған ақпарат ұсыныстар өзгертілгенінен екі ай өткен соң тарай бастаған.

Толығырақ

2023 жылғы 20-23 наурызда ДДСҰ иммунизация жөніндегі Стратегиялық консультативті сарапшылар тобының жиналысы өткен. Онда COVID-19 вакцинасы қолданудың басымдықтарын анықтау жөніндегі жол картасы қайта қаралды. ДДСҰ баспасөз хабарламасында айтылғандай, бұл «омикрон» штаммының әсерін және жұқтыру мен вакцинация нәтижесінде қол жеткізген иммунитет популяциясының жоғары деңгейін анықтау үшін өткізілген.

Сарапшылар тобы COVID-19 вакцинасын алуды жоғарыдан төменгіге дейінгі үш топқа бөлген.

Жоғары басымдық тобына қарт адамдар, созылмалы ауруы бар жас ересектер (young adults), иммунитеті әлсірегендер, 6 айдан асқан балалар, жүкті әйелдер мен денсаулық сақтау саласының алдыңғы қатарлы санат мамандары. Бұл топқа қосымша қайта вакцина салуды кейінгі дозадан 6 я 12 ай өткен соң салу ұсынылған. Мерзім адамның жасы мен ауруы, иммунитетінің әлсіреуі сияқты факторларға байланысты.

Орта басымдықтағы топқа 50-60 жас аралығындағы еш ауруы жоқ адамдар, сонымен қатар ауруға шалдыққан балалар мен жасөспірімдер кіреді. Бұл топқа бірінші серия мен қайта вакцина салудың бірінші дозасы ұсынылған. Қайта екпе салудың қосымша дозасының қауіпсіз екеніне қарамастан, сарапшылар тобы оны «қоғамдық денсаулық сақтау үшін олардың айтарлықтай кері әсері төмен болғандықтан», жиі салуды ұсынбайды. Ұсыныстардың осы бөлігі «үш реттен артық екпе алу ешкімге ұсынылмайды» деген бұрмаланған ақпараттың тарауына алып келген болуы мүмкін.

Төменгі басымдықтағы топқа 6 ай мен 17 жас аралығындағы дені сау балалар мен жасөспірімдер кіреді. Балалар мен жасөспірімдерді вакцина салу қауіпсіз және тиімді. Десе де, осы топты екпе салу туралы шешім қабылдаған сарапшылар тобы «аурудың ауырлығы, шығынның тиімділігі мен денсаулық сақтаудың басқа да басымдықтары секілді факторларға сүйенеді. Атап айтқанда, консультатив топ дені сау балалар мен жасөспірімдер арасындағы аурудың жеңіл өтетінін айтқан.

Осылайша, ДДСҰ COVID-19 вакцинасынан бас тартуға шақырмайды және оның зияны туралы айтпайды. Ұсыныстарды қысқа және орта мерзімдегі уақытқа іс-шаралар жоспарлап жатқан мемлекеттерге көмектесу шарасы ретінде қарастыру керек. Сондықтан ұйым мынаны атап өткен:

… COVID-19 вакцинасы туралы ұсыныстардың мерзімі шектеулі және тек қазіргі эпидемиологиялық сценарийге арналған. Қайта вакциналау дозасын енгізуге қатысты ұсыныстарды жыл сайынғы COVID-19 вакцинасын қайта салуды жалғастыру деп қарастырмау керек.

Сарапшылар тобының төрағасы доктор Ханна Нохинек түсіндіргендей, «мемлекеттер дені сау балалар мен жасөпірімдер кіретін төменгі қауіп тобындағыларға вакцина салуды жалғастыру туралы шешім қабылдаған кезде олардың денсаулығы мен ересектер тобының жағдайы үшін маңызды жоспарлы вакциналарды жүргізуге қауіп төндірмеуі керек».

СOVID-19 вакцинасының кері әсері туралы айтуға тыйым болды ма?

Жалған ақпарат таратқан жаңалық ресурстары «пандемия басталғалы екпенің кері әсері туралы айтуға тыйым салынды» және бұл туралы қазір ғана айтылып жатыр делінген.

Шын мәнінде кері әсер туралы вакцинаның клиникалық сынақтары басталғалы айтылып келеді. Олар вакцинаның әсері мен жағымсыз салдары туралы ақпаратты жинау үшін жасалатыны белгілі. Одан кейін вакцина нарыққа шыққан соң кері әсерін қадағалау жалғаса береді. Осылайша Pfizer вакцинасынан кейін миокардит пен перикардиттің пайда болу қаупі, сонымен қатар AstraZeneca вакцинасынан кейін тромбоздың пайда болуы мүмкін екені анықталды.

Вакцинаның кері әсері туралы о бастан айтылып жүргеніне дәлел ретінде ДДСҰ сайтында 2021 жылғы 31 наурыздағы жазбасын келтіруге болады. Ол әлемде жаппай COVID-19 вакцинасы салына бастаған соң жарияланған. Мақалада вакцинаның жиі, сирек және ұзақ мерзімде болатын кері әсері туралы айтылған.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz