БАҚ қазметкерлерінің орташа жалақысы қанша?

26 мамырда өткен Сенаттың пленарлы отырысында сенатор Нұртөре Жүсіп БАҚ саласындағы қызметкерлердің жалақысы туралы сөз қозғап, орташа жалақыдан аз екенін атап өтті. Осы орайда Factcheck.kz сайты депутаттың айтқанын тексеріп көруді жөн санады.

Тайм-код: 2:19:04

БАҚ саласындағы қызметкерлердің еңбек ақысы республикалық орташа көрсеткіштен де төмен, 202 мың ғана.

Нұртөре Жүсіп, депутат

Үкім: Үкім жоқ

БАҚ саласы өте жалпылама ұғым, депутаттың нақты қандай қызметкерлер туралы айтқаны белгісіз, сондықтан да нақты бір жалақыны көрсете алмаймыз. ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде орташа жалақы 285 433 теңгеге жетті, ал Ақпарат және байланыс саласы қызметкерлерінің орташа жалақысы 415 479 теңге.

“Ақпарат және байланыс” саласы қызметкерлерінің ішінде “газет шолушының” орташа айлығы 203 023 теңге, “газет корреспонтенттікі” 115 003 теңге болса, “арнайы корреспонтенттікі” 231 993 теңге. Оның ішінде салықтар мен зейнетақы жинақтары да қоса есептелген. Демек, ең соңында қызметкерге тиетін ақша бұдан да аз болуы ықтимал.

Ескерту! Factcheck.kz Қазақстандағы жалақы мәселесіне баға бермейді. Біздің мақсатымыз трансляцияланған деректердің рас-өтірігін тексеру және фактчекинг ереэелеріне сай үкім қою.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz